- Басты
- Жаңалықтар
- «Астана ЭКСПО-2017» National Geographic-пен бірлескен жобаны іске қосты (ФОТО)
«Астана ЭКСПО-2017» National Geographic-пен бірлескен жобаны іске қосты (ФОТО)
National Geographic төртінші жыл қатарынан туризм саласындағы National Geographic Traveler Words халықаралық сыйлығын өткізеді, биыл байқау аясында Қазақстан үшін жеке номинация ашылды, онда қалаған адам Қазақстанның көрнекті жерлері туралы оқиғалары мен әңгімелерін жібере алады. Жеңімпаз Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне барады.
«Біздің бірлескен жоба - National Geographic Traveler Words халықаралық сыйлығының серіктесі, биыл бұл мәртебеге Қазақстан - «Астана ЭКСПО-2017» ие болып отыр. Бұл өте маңызды оқиға. Туристік «Оскар» деп атауға болады, оның аясында үздік туристік бағыттардың рейтингтері анықталады. Бұл жыл сайынғы сыйлық», - деді О.Яковлева.
О. Яковлева хабарлағандай, аталмыш сыйлық Ресейде ашық дауыс беру арқылы алтыншы жыл өткізіліп жатыр. Биыл дауыс беру 28 қыркүйектен бастап 6 қарашаға дейін жалғасады.
«Жеңімпаздарды өз кәсібінің шеберлері әділқазылар алқасы таңдамайды. National Geographic және National Geographic Traveler журналдарының аудиториясы , Nationgeo.ru сайтының оқырмандары таңдап алады. Бұл 15 млн адамды құрайтын алаң, сондықтан әділ өтеді», - деді ол.
Аталмыш сыйлық аясында 2016 жылдың басты туристік бағыттары анықталады. Сыйлық әр түрлі бағытты құрайтын 23 номинациядан тұрады. Бұл жағажай, тау шаңғы және гастрономиялық демалыс. Сондай-ақ, жылдың үздік қонақ үйі анықталады. Үздік әуекомпаниясы, үздік интернет арқылы қызмет көрсету, саяхаттау туралы үздік бағдарлама номинациялары бар.
Сондай-ақ, О.Яковлева айтып өткендей, аталмыш номинацияны қолдау бойынша «Қазақстан – болашақтың энергиясы» жеке фотобайқауы ашылды.
«Бұл байқаудың жеке жеңімпазы болады. Ол өте құнды сыйлыққа ие болады. Жеңімпаз National Geographic фото-экспедициясына бара алады. Сондай-ақ, біздің фотографтың шеберлік сыныбына қатысып, біліктілігін арттыра алады», - деді ол.
Жеңімпаздарды марапаттау Мәскеуде 17 қарашада өтеді.
«Бұл ауқымды өте маңызды шара болмақ. Онда туристік нарықтардың, туризм бойынша кеңселердің өкілдері, әуекомпания мен жеке жүйе өкілдері қатысады», - деді О.Яковлева.
Индира Кауметова
Сурет: Азамат Әлиев
-
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
Спорттық секция мен шығармашылық үйірме: Кімдер қатысады, қалай өтінім береді және олардың жұмысы қалай іске асады -
Алматы мен Нұр-Сұлтанда дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметі іске қосылды