• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Нығматулин мемлекеттік органдардың депутаттық сауалдарына берген жауаптарын қоғам назарына ұсынбақ

Н.Нығматулин мемлекеттік органдардың депутаттық сауалдарына берген жауаптарын қоғам назарына ұсынбақ

12 Қазан, 2016 13:36
Мәжілістің пленарлық отырысында Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин депутаттардың сауалдарына сапалы жауаптар дайындау қажеттігін атап өтті.

Н. Нығматулин Мәжілістің ресми сайтында депутаттық сауалдар ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының берген жауаптары да орналастырылатынына баса назар аударды.

«Депутаттық корпуста, кең жұртшылықта, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінде мемлекеттік органдар басшыларының депутаттық сауалдарға берген жауаптарының жан-жақтылық, толықтық және негізділік талаптарына қаншалықты сәйкес келетінін немесе сәйкес келмейтінін көруге мүмкіндігі болады», - деді Мәжіліс Спикері.

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңына сәйкес, депутаттық сауал депутаттың мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғаларына осы органның немесе лауазымды тұлғаның құзыретiне кiретiн мәселелер жөнiнде негiзделген түсiнiктеме беруiн немесе өз көзқарасын баяндауын ресми сұраған талабы болып табылады. Сауал қойылған лауазымды тұлғалар оған Парламент сессиясында ауызша немесе жазбаша жауап беруге міндетті. Сауалға жазбаша жауап бір айдан аспайтын мерзімде беріледі. 

Барлық жаңалықтар