- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылдың маусымында ЭКСПО-2017 көрмесін ресми тану мен тіркеу құжаттамасын ақырғы рет растау жоспарлануда – Р.Жошыбаев
2014 жылдың маусымында ЭКСПО-2017 көрмесін ресми тану мен тіркеу құжаттамасын ақырғы рет растау жоспарлануда – Р.Жошыбаев
«2014 жылдың маусым айындағы Бас ассамблеяның 155-інші сессиясында «ЭКСПО-2017» көрмесін ресми тану мен тіркеу құжаттамасын ақырғы рет растау жоспарлануда. Қазіргі таңда қазақстандық тараптан ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге құқықтық негіз дайындалып жатыр», - деді Жошыбаев.
Көрмеге қатысатын елдер ресми танылғаннан кейін 2014 жылдың жазынан бастап шақырыла бастамақ.
Сонымен қатар, аталмыш көрмеге 100-ден астам ел қатысады деп жоспарлануда. Бұл елдердің әрқайсысымен өзара келісімшарт та түзілмек.
Р.Жошыбаевтың айтуынша, Қазақстанда көрмені өткізу үшін 10 жұмыс штабы құрылған.
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ жанынан құрылған штаб ЭКСПО-2017 көрмесі нысандарының құрылысы мен инфрақұрылымды дамытуға жұмыс істейді. Сонымен қатар, аталмыш штаб «Халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу мен дайындық дирекциясы» ЖШС жанынан жұмыс істейтін болады. Жаңартылмалы қуат көздерін пайдалануды дамыту мен инвестиция тарту, сонымен қатар туризмнің дамуымен ҚР ИЖТМ айналысатын болады. Ал ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету жұмыстары ҚР БҒМ мойнына жүктелмек», - деді Р.Жошыбаев.
Бұдан бөлек басты міндеттемесі Қазақстанды әлемге таныту, туризмді дамыту, қазақстандық және шетелдік қатысушыларды тарту және олардың елге келгенінен кейін солармен бірігіп жұмыс істеу болып табылатын шет елдік қатысу мәселесі бойынша жұмыс тобы құрылды.
Дайындық жұмыстары аясында Комиссар бірқатар елдерді шарлап қайтты. Атап айтар болсақ, Р.Жошыбаев Англия, Австрия, Ұлыбритания, Германия, Италия, Қытай, Латвия, Оңтүстік Корея, Франция секілді ЭКСПО-2017, жобасы бойынша таныстырылымдық келіссөздер өткізілген елдерге жұмыс сапарын жасады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді