- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс Париж келісімін ратификациялауды мақұлдады
Мәжіліс Париж келісімін ратификациялауды мақұлдады
Париж келісімі 2015 жылғы 12 желтоқсанда Парижде қабылданды. Қазақстан келісімге 2016 жылғы 2 тамызда қосылды. Бүгінгі күні Париж келісімін 75 ел ратификациялаған.
Келісім тұрақты даму және кедейлікті жоюға күш салу түпмәтінінде климаттың өзгеру қаупіне қатысты жаһандық әрекет етуді нығайтуға бағытталған.
«Париж келісімі жаһандық орташа температураның өсуін индустриялық кезеңге дейінгі деңгеймен салыстырғанда 2 градус деңгейінде ұстап тұруға, оған бейімделуге және осалдықты төмендетуге, парниктік газдар тасталымдарының төмен деңгейі кезінде климаттың өзгеруінің қолайлы әсеріне бағытталған. Сондай-ақ, төмен көміртекті дамуға және жасыл экономикаға қаражат тартуға да бағытталған.
Келісім шеңберінде әрбір тарап ұлттық деңгейде айқындалатын қол жеткізілуі тиіс үлестерді мәлімдейді. Бес жылда бір рет елдер ұлттық деңгейде айқындалатын кейінгі үлестерді хабарлайды. Үлестерді іске асыру үшін тараптарға қаржылық ресурстар, технологияларды әзірлеу және беру, әлеуетті нығайту түрінде қолдау беріледі. Қазақстан Республикасы 2030 жылға дейін парниктік газдар тасталымдарын сөзсіз мақсат түрінде 15% және шартты мақсат түрінде 20% шектеу немесе қысқарту бойынша болжанатын үлесін мәлімдеді», - деп хабарлады ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, заң жобасын депутаттарға таныстыра отырып.
Келісіммен парниктік газдар тасталымдарының көлемін азайту жөніндегі ұлттық жобаларды қабылдауға, климат өзгерістеріне бейімделуге және тиісті технологиялардың даму пайдасына қаржы ағымын қалыптастыруға бағытталған шаралар мен міндеттемелер кешені ұсынылады. Бірінші жаһандық қорытындылау 2023 жылы өтеді.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Мәжіліс отырысы: «Байқоңырдан» ұшатын зымырандар, мектептегі қауіпсіздік, мектеп емтихандарын болдырмау -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
Мемлекеттік комиссия кәсіпкерлерді қолдау бойынша шұғыл шаралар топтамасын мақұлдады
-
Алғыс айту күні: ҚХА атынан сайланған Мәжіліс депутаттары қазақ еліне алғыс айтты -
Мәжілістің жаңа сессиясы аясында қандай заң жобалары қаралмақ -
Парламент Мәжілісі төрағасы сайланды -
Мәжіліс отырысы: Жаңадан сайланған халық қалаулылары ант беріп жатыр -
Мәжіліс депутаттары куәліктері мен төсбелгілерін алып, өкілеттілікті бастады -
"Nur Otan" партиясынан Мәжіліске жаңадан сайланған депутаттар мандаттық туралы пікірлерін айтты -
«Nur Otan» партиясынан Мәжіліске кімдер сайланды -
Сайлау қорытындысы: Үш партияның Мәжілістегі мандаты белгілі болды
-
ОСК Мәжіліс депутаттары сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады