- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР АШМ: Үш жыл ішінде мал айдау жайылымдарында 1 мыңнан астам құдық салынған
ҚР АШМ: Үш жыл ішінде мал айдау жайылымдарында 1 мыңнан астам құдық салынған
«Бүгінгі күні 3 жылға арналған жоспарда 2014-2016 жылдар аралығында 1 мың 142 құдық салу жоспарланған болатын. Іс жүзінде, жоспар асыра орындалған – 4 млрд теңгеден астам сомаға 1 мың 377 құдық салынған. Бұл ретте, мемлекет есебінен құдықтарды салуға арналған шығыстардың 80%-ын өтеуге мүмкіндік беретін субсидия қолданылады, ал 20%-ын фермер лизинг бағдарламасы бойынша пайдалана алады», - деді Г.Исаева, жайылымдар туралы заң жобасын бірінші оқылуында талқылай отырып.
Вице-министрдің айтуы бойынша, 2 млрд теңгеден астам қаражат фермерлердің мал айдау жайылымдарында құдық салуға арналған қаражатты өтеуіне жұмсалған.
«Сонымен бірге, жайылымдар жасауға арналған инвестициялық субсидиялау құралдарын кеңейтуді көздейтін бағдарлама әзірленуде. Бағдарламада суат құрылыстары үшін баламалы энергия көздерін жасауға арналған шығыстарды өтеу көзделеді. Сондай-ақ, жайылымдарды түбегейлі жақсартуға және оларды құнарландыруға мүмкіндік беретін гектарлық субсидиялар көзделген. 2020 жылға дейін еліміздің барлық өңірлерінде 4 мыңнан астам құдық салу жоспарлануда, инвестициялық шығындарды өтеуге 28 млрд теңге көзделген. Сондай-ақ, шопандарға арналған вагоншаларға, тұрғын үйлерге олардың құнының 40%-ы мөлшерінде субсидиялар да көзделген. Осы шаралардың барлығы мал айдауға арналған жайылымдарды іске қосуға және ауылды жерлерден мал айдау жайылымдарына шығарылатын ауыл шаруашылығы малдары үшін судың жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ботагөз Айтжанова
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі