Мәжіліс бірінші оқылымда жайылымдар туралы заң жобасын мақұлдады

12 Қазан, 2016 11:46
Парламент Мәжілісі «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

«Ел жайылымдар көлемі бойынша әлемде бесінші орынға ие, жер қоры бүгінгі таңда тиімсіз қолданылып жатыр, ол жерлердің деградациясына әкеліп отыр. Жайылымдар көбінесе қысымсыз, жайылым айналымы қолданылмай жүзеге асырылады. Бұл қоректендіру астығының 50 пайызы  керексіз қалғандығын білдіреді. Топырақтың үстіңгі қабаты эрозияға ұшыраса, оған шыққан  қоректі жеген жануар да аса өнімділік бере алмайды. Бұл жағдайлардың қайталануы тұрақты құқықтық және нормативтік базаның жетіспеуінен болып табылады», - деді Парламент Мәжілісінің аграрлық мәселе жөніндегі комитет төрағасы Сапархан Омаров.

Заң жобасы жайылым ресурстарын реттеу, жоспарлау, ұйымдастыру және басқаруға бағытталған.  Оған жергілікті атқраушы органдарды тартып, жер қожайындары мен қолданушыларының араласуын қарастырады.

Заң жобасының қабылдануы жайылым жерлерін ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді. Жайылым жерлерінің әлеуетін толық пайдалануға мүмкіндік береді.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар