- Басты
- Жаңалықтар
- Ж.Дүйсебаев: Қазақстанның индустриялық дамыған аграрлық ел болуға мүмкіндігі бар
Ж.Дүйсебаев: Қазақстанның индустриялық дамыған аграрлық ел болуға мүмкіндігі бар
«Барлық халықтың 45%-дан астамын құрайтын ауыл тұрғындарын еліміздің мал шаруашылығы саласын дамытудың негізгі бағыттарының бірі болып табылатын 187 га жайылым жерлерінің тиімсіз пайдаланылуы, сондай-ақ нәтижелерінің болмауы және түбегейлі шешілмеуі мәселесі алаңдатады. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығына тиесілі жер ресурсының жайылымдар үлесі 70%-ды құрайды, яғни мал басына шартты түрде 20 га жерден келеді. Бұл болашақта бізде индустриялық-инновациялық дамыған озық аграрлық мемлекет болуға барлық мүмкіндіктеріміздің бар екенін білдіреді», - деді Жексенбай Дүйсебаев «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бірінші оқылуында таныстыра отырып.
Депутаттың айтуы бойынша, іс жүзінде жердің 43%-ы немесе 80 млн га пайдаланылмайтын жайылымдарға жатады, яғни орта есеппен мал басына келетін жер 2-3 га-дан аспайды, ал кейбір өңірлерде одан да аз.
«Нормаға сәйкес, 5 га-дан кем болмауы тиіс, нәтижесінде 27 млн га азып, бұл көлем жыл сайын ұлғайып келеді. Қалыптасқан жағдайдың негізгі себептері мыналар: біріншіден, 100 млн га жайылымдық жерлер бүгінгі күнге дейін ауыспалы жайылымға тартылмаған және осылайша, мал шаруашылығын дамытуға үлес қоспайды; екіншіден, ауыл шаруашылығы малдарының негізгі саны немесе 70%-ы жақын маңайдағы елді мекендерде шоғырланған; үшіншіден, шалғайдағы жайылымдарды суландыру мәселесі толық шешілмеген, инфрақұрылым объектілері дамымаған» - деді Ж.Дүйсебаев.
Мәжіліс депутаты айтып өткендей, қалыптасқан жағдайдың себебіне экономикалық фактор да жатады.
«Экономикалық факторларға байланысты, мал басының көбі ұсақ шаруашылықтар мен жеке қоныстарға келетіндіктен, шаруашылықтың малды айдауда және шалғайдағы жайылымдарда бағу үшін мүмкіндігі жоқ. Ауылдық округтердің қарамағындағы, яғни АҚ, ЖШС, шаруа қожалықтарына тиесілі кейбір жайылымдық жерлер заңнамалық деңгейде реттелмейді, бұл осы жерлерді ауыспалы жайылымдарға тарту үшін нәтиже бермейді», - деп қосты Ж.Дүйсебаев.
Ботагөз Айтжанова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер