- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Үкіметі және БҰҰ Балалар қоры 2016-2020 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспарына қол қойды (ФОТО)
ҚР Үкіметі және БҰҰ Балалар қоры 2016-2020 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспарына қол қойды (ФОТО)
Іс-шара барысында Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев Қазақстан БҰҰ Балалар қорымен одан әрі ынтымақтастыққа маңызды көңіл бөлетінін атап өтті. Ол алдағы бес жылдық кезеңге арналған Негізгі операциялар жоспарын іске асыру ұлттық деңгейде балалардың құқықтарын тиімді және жан-жақты ілгері жылжыту мен мүдделерін қорғау бойынша тағы бір қадам болатынына сенім білдірді, деп хабарлады ҚР СІМ.
Қазақстан Республикасындағы ЮНИСЕФ Өкілдігінің басшысы Юрий Оксамитный өз баяндамасында БҰҰ Балалар қорының ҚР Үкіметімен өзара іс-қимылының тиімділігін және Қордың Қазақстанмен ынтымақтастық жасау тәжірибесі Орталық Азияның барлық өңірі үшін үлгі аларлық болып табылатынын атап өтті.
БҰҰ Балалар қорының қызметі Қазақстандағы балалардың жағдайын жақсартумен байланысты нақты жобаларды іске асыруға, соның ішінде бала және ана өлімін төмендетуге, балалар үшін достық әлеуметтік орта құруға, инклюзивті қоғамды дамытуға, балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтерді азайтуға, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға және оған жол бермеуге, ювеналды әділетті дамытуға бағытталған.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді