Петропавлда Шығыс Қазақстанның күндері өтуде (ФОТО)

12 Қазан, 2016 09:51
Петропавлда «Бейбітшілік пен келісімнің 25 жылы» ұранымен Шығыс Қазақстан облысының күндері өтіп жатыр.

Өңiр басшысы Даниал Ахметов бастаған Шығыс Қазақстан облысының делегаттар тобы Солтүстiк Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келдi.

Солтүстiк өңiрiмен танысу жұмыстары «Green park» демалыс орнынан басталды. Бұл демалыс аймағы былтырғы жылдың желтоқсан айында ашылған болатын. «Green park» аумағында монша, бассейн, күркелер, амфитеатр, балалар ойын алаңы орналасқан, ал қысқы уақытта бұл жерде шаңғы және шананы жалға алуға болады, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.

Әрi қарай қонақтар Спорт сарайына барды. Делегаттар тобы жеңiл атлетикалық манеж бен хоккей кортында болып, солтүстiкқазақстандық спортшылардың оқу-жаттығу барысымен танысты.

«Шығыс Қазақстан облысынан жыл сайын 12%-ға дейiн (3,5 млрд.теңге) өнiм бiздiң өңiрге тасымалданады. Бұлар негiзiнен автокөлiк, ауыл шаруашылығы саласына қажеттi тракторлар, ет және субөнiмдер, құрылыс материалдары», — дедi Ерiк Сұлтанов.

Айта кету керек, ағымдағы жылдың маусым айында Солтүстiк Қазақстан облысының Өскемен қаласына жұмыс сапары барысында екi жақты ынтымақтастықтың қарқынды дамуына мүмкiндiк беретiн келiссөздер жасалған болатын.

Кездесу аясында табысты келiсiмдер жасалып, тараптар бiрқатар құжаттарға қол қойған болатын. Осы уақыт аралығында кәсiпорындары жалпы сомасы 60 млн. теңгеден астам қаражатқа келiсiм-шарт жасаған.

Барлық жаңалықтар