- Басты
- Жаңалықтар
- Ю.Ильин: Қазақстанда 3 жаңа бөгет салынады
Ю.Ильин: Қазақстанда 3 жаңа бөгет салынады

«Қазселденқорғау» ММ жүргізген жұмыстардың қорытындысына сүйенсек, жыл сайын өзендердегі су деңгейі мұздық көлдердің еруі есебінен көтерілуде. Ғалымдарды мұздықтардың жаппай еруі алаңдатып отыр. Себебі, бұл өте қауіпті құбылыс. Қазіргі таңда жаһандық климаттың өзгеріске ұшырап жатқаны белгілі. Бүгінгі күннің өзінде Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауында мұздықтар еріп жатыр. Болашақта еріген қардан өзендердегі судың деңгейі көтерілуі мүмкін. Мамандардың ұзақ жылғы жүргізген зерттеуіне сәйкес, таулы елді мекендерде жауын-шашын көп түседі. Бұл сел тасқынын және тау көшкінін тудыруы мүмкін. Мұндай жағдай осы жылы Алматы және Алматы облысында тіркелген болатын. Сондықтан осы мақсатта тиісті шаралар жүргізілетін болады», - деп түйіндеді сөзін басшы.
Оның айтуынша, Қазселденқорғау» ММ мамандары «География институты» ЖШС-гін тарту арқылы Алматы облысы мен Алматы қаласының 13 мұздақ көлінде батиметриялық жұмыстар жүргізді.Сел қауіпті кезеңде Қазселденқорғау қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеді.
«Сел қаупін азайту үшін 11 жарылу қаупі бар мұздақ көлде сел қаупін төмендету бойынша алдын алу іс-шаралар кешені жүргізілді.Мәселен, алдын алу іс-шараларын орындау барысында мұздақ көлдердің эвакуациялау арналарын тереңдету және кеңейту жұмыстары жүргізілді. Көл қазандықтарынан қосымша суды сорып шығару үшін диаметрі 100-ден 150-ге дейін сифон орнатылды. Сонымен қатар суды сорып шығару сорғының көмегімен жүргізіледі», - деді ол.
«Алматы әкімдігі жергілікті бюджеттен Үлкен Алматы өзенінің бассейнінде № 13 Бис мұздақ көлді босатуға 30 млн. теңге бөлінді. Мұздақ көлдерге арналған барлық алдын алу іс-шаралары қауіпсіз деңгейге дейін азайтылды. Эвакуациялау арналары бойынша сорғы мен сифон арқылы 9,5 млн. артық текше метр су ағызып жіберілді, көлемі 22 мың текше метр жер және жару жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар 13 селден қорғау объектіде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 65 028,7 мың теңге бөлінді. Қазіргі уақытта барлық объектідегі жұмыс аяқталды. Ағымдағы жылы 7 сел шығарындысы, 1 беткей ағыны және 26 тасқын құбылысы тіркелді», - деді Ю.Илиьн.
Сонымен қатар сел қауіпті кезеңге дайындалу мақсатында Қазселденқорғау өзен арналары мен автожолдардың қауіпті учаскелерінде 90 ақпараттық қалқан және ескерту белгілері орнатылды.
Ол айтқандай, «Қазселденқорғау» ММ кешенді бригадасы Алматы облысында төрт ай бойы таудағы биіктігі шамамен 3500 метр әртүрлі сел қаупі бар учаскелерде тұрып жұмыс істеді. Олардың саны 150-ден астам адам. Жалпы алғанда республика бойынша өткен сел қауіпті кезеңде шамамен 400 адам жұмылдырылды.«Қазселденқорғау» ММ-нің бөлімшелері жергілікті тұрғындар мен қауіп-қатер аймақтарында демалып жатқан адамдарға 2 000-нан астам брошюра таратты.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады
-
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді
-
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты
-
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді
-
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда
-
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті
-
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер
-
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады
-
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды
-
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша

