• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2018 жылы Қазақстанда жұмыс берушілерге міндетті зейнетақы төлемін салу тәртібі енгізіледі

2018 жылы Қазақстанда жұмыс берушілерге міндетті зейнетақы төлемін салу тәртібі енгізіледі

11 Қазан, 2016 17:02
2018 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда жұмыс берушілерге 5 пайыздық міндетті зейнетақы төлемін салу тәртібі енгізіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Мәжiлiсте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiнiң 2017-2019 жылдарға арналған бюджет жобасын талқылау барысында мәлімдеді.

«2018 жылдың қаңтарынан бастап  Қазақстанда   жұмыс берушілерге   5 пайыздық  міндетті зейнетақы төлемін  салу тәрітібі енгізіледі», - деді ол.

Жалпы, стратегиялық жоспардың бағыттарын iске асыру үшiн 2017 жылға 3 трлн 104 млрд теңге көзделiп отыр, оның 3 трлн 47 млрд теңгесi – ағымдағы бағдарламалар, 57 млрд теңгесi – даму бюджетi.

2018 жылға 3 трлн 457 млрд теңге, 2019 жылға 3 трлн 947 млрд теңге қарастырылған.

Сондай-ақ, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұлт жоспарының 48 қадамы аясында әлеуметтік көмек көрсету  жүйесін реформалау жүзеге асырылады.

«Мекен-жайлық әлеуметтік көмек  төлемнің үш түрі есебінен жүзеге асырылып, күнкөріс деңгеінен 50 пайызға төмен  табысы барларға  барлық шаралар, төлемдер ұсынылатын болады», - деді ол. 

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар