- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда жер қойнауын пайдаланудың интерактивті картасы іске қосылды
Қазақстанда жер қойнауын пайдаланудың интерактивті картасы іске қосылды
Онда Қазақстанның бүкіл аумағының геологиялық карталары орналастырылған. Енді қолданыстағы және жоспарланып отырған келісім-шарт аумақтары бойынша ақпарат алуға болады. Аталмыш интерактивті карта жетілдірілетін болады. Яғни, жер қойнауын пайдалану құқығын беру мен онлайн режимде бақылау жүргізу жоспарланған, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, жер қойнауын пайдалану құқығын берудің жеңілдетілген жаңа тәсілдері (австралиялық тәжірибе) енгізіліп отыр. Ақмола облысы Степногорск қаласының маңайындағы толық зерттелмеген учаскелерде осы тәсілдер пайдаланылып, жуырда бекітілген 17 келісім бойынша қолданыла бастады. Жыл соңына дейін Шығыс Қазақстан облысындағы толық зерттелмеген учаскелерде жұмыстар басталып, ары қарай бұл жұмыс республиканың барлық аумағын қамтымақ.
Министрлік халықаралық CRIRSCO комитетінің құрамына кіру бойынша жұмыстар жүргізіп, әлемдік қауымдастыққа қоғамдық есептілік стандарттарына арналған геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесі бойынша минералдық ресурстар мен қорлар жайында таныстыру жұмыстарын атқарды.
Сондай-ақ, барлық жүргізілген реформалардың шешуші кезеңі ретінде «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексі жобасын дамыту болмақ. Бұл ретте ведомство, кодекстің жер қойнауын пайдалану саласындағы әлемдік стандартқа сай келетін үздік «серпінді» заңнамалық акт болуын қалайды.
Жоғарыда аталған жаңалықтар геологиялық барлау бойынша инвестициялық тартымдылықты арттырады және шағын компаниялардың дамуына ықпал етеді. Сонымен қатар, салаға қосымша инвестиция тартуға септігі тиетін болады.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын