- Басты
- Жаңалықтар
- Шағын несиелеу бағдарламасы бойынша 934 млн теңге болатын 207 өтінім қаржыландырылды
Шағын несиелеу бағдарламасы бойынша 934 млн теңге болатын 207 өтінім қаржыландырылды

Расталған өтінімдердің ішінде сомасы 934 млн теңге болатын 207 өтінім қаржыландырылып үлгерді. Сонымен қатар барлық қаржы көздерінен (әкімдіктер мен ауыл шаруашылығын қолдау қорларының қаражаттарын есептегенде) жалпы алғанда сомасы 1 980 млн теңге тартылып, 445 өтінім қаржыландырылды.
Жамбыл облысында да микроқаржы ұйымын ашуға дайындық жүргізілуде. Оған өңір әкімдігі мен «Атамекен» ҰКП қатысады. Осы жылдың тамыз айында микроқаржы ұйымы әділет органында тіркелді, қазір ұйым ҚР Ұлттық банкінде есептік тіркеуге қойылып жатыр. Қазіргі таңда микроқаржы ұйымына инвесторлар іздестірілуде. Қаржыландыруға өтінім қабылдау басталып кетті. 10 өтінім қабылданып үлгерсе, Несие комитеті соның 5-ін мақұлдады.
Ұлттық палата барлығы 701,8 млн теңге болатын шағын несие берген, соның ішінде «Қызылода ӨИО» микроқаржы ұйымы – 183,4 млн теңге, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Ақтөбедегі филиалы – 300 млн теңге, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Алматыдағы филиалы – 218,4 млн теңге бөлді.
Бүгінгі таңда «Атамекен» ҚР ҰКП-ның микронесие бағдарламасы еліміздің бес өңірінде жұмыс істеуде: Алматы және Ақтөбе облыстарында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы, Қызылорда облысында «Қызылорда ӨИО» ЖШС арқылы, сондай-ақ, Қостанай және Маңғыстау облыстарында да шағын қаржы ұйымдары құрылған.
Маңғыстау және Қостанай облыстарындағы микроқаржы ұйымдарының жарғылық капиталдарын құру үшін, әр облысқа 15,3 млн теңгеден қаржы бөлінді. Жарғылық капитал құруға Маңғыстау облысының әкімдігі 288 млн теңге, Қостанай облысының әкімдігі 150 млн теңге бөлді.
«Атамекен Қостанай» МҚҰ» ЖШС бойынша 71 жоба мақұлданып, соның 42-сі қаржыландырылды. 42 жобаның ішіндегі 8-і жаңадан ашылып жатқан бизнестер.
«Атамекен» МҚҰ» ЖШС (Маңғыстау облысы) бойынша 16 жоба мақұлданып, соның ішіндегі 8 жоба қаржыландырылды.
Бөлінген несиелік ресурстардың негізгі бағыттары: өсімдік шаруашылығы –33%, мал шаруашылығы – 28%, халыққа қызмет көрсету – 15%. Сондай-ақ несиелер балық өсіруге, ара өсіруге, жол жиегіндегі сервис нысандарын салуға, шағын наубайхана, аспаздық цехтарын ашуға, ет, сүт өнімдерін қайта өңдеуге бөлінді.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері
-
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты
-
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді
-
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген
-
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
-
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды
-
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар
-
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді
-
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді
-
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты
-
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі

