- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының филиалы ашылады
Алматыда ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының филиалы ашылады
Қазақстанда мектептердің жанында әскери-патриоттық және әскери-спорттық құралымдар желісі белсенді түрде дамуда, әскери-шефтік байланыс кеңеюде, әскери және азаматтық жастар арасында өзара іс-қимыл нығаюда.
Бүгінгі таңда әскери сарапшылардың баға беруі бойынша әскери-патриоттық клубтың төртінші дерлік тәрбиеленушісі өзінің өмірін армиямен байланыстырады. Қорытынды ретінде әскери-патриоттық клубтардың қабырғасында тәлім-тәрбие алған және шыныққан, әскерге шақырылған немесе әскери оқу орындарына оқуға түскен жастардың әскери ғылымның қыр-сырын меңгеруде анағұрлым жоғары дағдылары бар, армиялық қызметтегі жағдайларға жеңіл бейімделеді.
Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруді арттыру үшін ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Алматы армия үйінің базасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының филиалын құру жөнінде тапсырмалар берді. Онда әскери-тарихи мұражайды, гарнизондық ансамбль мен Аэроұтқыр әскерлерінің оркестрін орналастыру жоспарлануда. Сондай-ақ, ардагерлер ұйымы орналасады.
Келешекте жергілікті атқару органдары және қоғамды ұйымдармен іс жүзіндегі өзара іс-қимыл аймағымен әскери-патриоттық, жас армия және ардагерлер қозғалысын үйлестіру мен қолдау жөнінде диалогті алаңдардың рөлін атқаратын Қазақстанның өзге де қалаларында осындай филиалдарды құру мәселесі пысықталады.
Астанада шоғырланған ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталықты 2015 жылдың желтоқсанында Елбасы – ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев ашқанын айта кетейік. Бүгінгі күні ол жерде жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру, мемлекеттің әскери тарихын, жауынгерлік дәстүр мен әскери жөн-жоралғыларды зерделеу және насихаттау аясындағы жұмыс кеңінен жүргізіледі.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі