- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық онкологтар Францияның ірі институтының бірінде білім алды
Қазақстандық онкологтар Францияның ірі институтының бірінде білім алды
«ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде вице-министр Е.Ә.Байжүнісов Францияда оқып қайтқан еліміздің онкологиялық қызметі мамандарымен кездесті», - делінген хабарламада.
Республиканың онкологиялық қызметінің кадрлық әлеуетін арттыру мақсатында құрамында онкохирургтер, химиотерапевтер, маммологтар бар 20 отандық онколог-дәрігер биылғы қазан-желтоқсан айлары аралығында республикалық бюджет қаражаты есебінен Париждегі Густав Русси институтында оқып, тәжірибе алмасып қайтты.
Густав Русси институты Еуропаның ең ірі ғылыми-зерттеу институттарының бірі.
Густав Русси институтындағы оқып, тәжірибе алмасу жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Отандық мамандар теориялық тұрғыдан білім алып қана қоймай, операцияларға, комитеттерге, науқастарды зерттеуге қатысты.
Оған қоса, мультидисциплинарлық топ, күндізгі стационар, «дәрігер-хатшы» менеджменті, ақпараттық жүйе, сүт безі обыры кезінде ағзаны сақтау операциялары, нейронавигациямен бас сүйекке жасалатын оталар, саркома кезінде қалпына келтіру-пластикалық операциялар, химияпрепараттарды орталықтандырған қозғау сияқты жұмыстарды ұйымдастыруды үйренді.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс