- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ДСӘДМ-де корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік қызметкерлерді тарту қағидаларын түсіндірді
ҚР ДСӘДМ-де корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік қызметкерлерді тарту қағидаларын түсіндірді
Осы міндеттемелер «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі ҚР Заңында және ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға, сондай-ақ жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға және корпоративішілік ауыстыру (КІА) шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді тартуға рұқсаттар беру қағидалары мен шарттарында көрсетілгенін еске сала кетейік.
КІА шеңберінде Қазақстан Республикасына басшы, менеджер және маман санатына жататын жоғары білікті қызметкерлер ғана тартылады, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.
«Осы шетелдік қызметкерлерді тарту Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын экономика секторларына ғана жүзеге асырылады», - делінген хабарламада.
Одан басқа, КІА шеңберінде шетелдік қызметкерлерді тарту кезінде жұмыс берушілер 2021 жылға дейін ішкі еңбек нарығынан тиісті мамандарды іздеуді жүзеге асырады.
КІА шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлер үшін рұқсаттар еңбек шартында көрсетілген, бірақ он екі айда бір рет ұзарту құқығымен үш жылдан аспайтын ауыстыру мерзіміне берілетін болады.
Сонымен бірге, мұндай қызметкерлерді тартуға рұқсаттар квотадан тыс беріледі.
Осы ретте, жұмыс беруші кадрлар бойынша жергілікті қамту талаптарын сақтауы тиіс, яғни КІА шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлердің саны қазақстандық азаматтар санының 50 %-ынан аспауы тиіс.
Кадрлар бойынша жергілікті қамту шетелдік қызметкерді басшы лауазымына тарту кезінде қолданылмайды.
Жергілікті атқарушы орган рұқсаттар берген кезде жұмыс берушіге рұқсаттар берудің ерекше талаптары жүктеледі. Бұл қазақстандық кадрларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, сондай-ақ қазақстандық азаматтар үшін қосымша жұмыс орындарын ашу.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
Шетелден инвестиция тарту: 2020 жылғы жобалар, жаңа алгоритм және проблемалары -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар