«Самғау» байқауының жеңімпаздарын әлемнің 12 еліне саяхат күтуде

11 Қазан, 2016 12:36
Қазақстандық брендтер туралы тақырыпты үздік баяндауға арналған «Самғау» ұлттық байқауының жеңімпаздарын автомобиль, 10 млн теңге және әлемнің 12 еліне саяхат күтуде, деп хабарлады «Халық маркасы» қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау жүйесі федерациясының президенті Римма Тәжібаева.

Байқаудың мақсаты – «Халық маркасы» сертификатына ие қазақстандық өндірушілердің өнімін ілгері жылжытуға, қазақстандық өндірушілердің беделін жақсартуға БАҚ пен блогерлерді тарту.

Байқаудың бас жүлдесінің иегеріне біз Қазақстанда шығарылған Jac S3 маркалы автомобильді сыйға тартамыз, сондай-ақ біз 7 номинация бойынша жеңімпаздарға 10 000 000 теңге көлемінде сыйлық қорын құрдық. Алайда, бұрын өткізілген көптеген байқауларды талдай отыра, біз еліміздің әрбір өңірінің өкілдерін атап өту қажет деген шешімге келдік. Сондықтан, біз әрбір өңірге бір номинациядан бекітуді жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта тиісті дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді Р. Тәжібаева.

Одан басқа, ЗТБ президенті ұсынылған материалдар қоғам сеніміне және байқаудың мақсаттарына сәйкес келуі тиіс екенін атап өтті. Яғни, байқау талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, комиссия өтінімді қарамайды.

«Байқаудың мақсаты еліміздің барлық өңірлерінен отандық өндірушілердің тауарлары туралы оң пікір қалыптастыру, сондай-ақ «Халық маркасы» жобасы туралы баяндайтын журналистерді ынталандыру болып табылады. Сондай-ақ байқау міндеттерінің бірі отандық өндіріс тақырыбын баяндау бойынша журналистердің кәсіптік деңгейін арттыру, тұтынушылардың назарын отандық брендтерге аударту және халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шақыру болып табылады. Басқаша айтқанда, осы байқау ақпараттық қолдау көрсету мен отандық өндірушілердің беделін көтеруге және отандық өнімді танымал ету үшін жұмылдыруға арналған», - деп атап өтті ол.

Байқау қорытындылары бойынша, еліміздің 16 өңірінен үздік журналистерді әлемнің 12 еліне саяхатқа жіберумен көтермелеу жоспарланып отырғанын қоса кетейік, ол елдердің арасында: Ресей, Грузия, Армения, Әзірбайжан, Украина, Тайланд, Мысыр, Қытай, Түркия, БАӘ, Үндістан бар.

Қорытынды жасау 2015 жылғы желтоқсанға жоспарланған.

Еске сала кетейік, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып 25 тамыз – 10 желтоқсан аралығындағы кезеңде журналистер арасында «Самғау» ұлттық байқауы өткізілуде. Байқау отандық брендтер туралы тақырыппен таныстыруға және оны дамытуға үлес қосатын, халықты қазақстандық өндірушілердің үздік және қолжетімді өнімі туралы ақпараттандыратын және соған бағдарлайтын маңызды жұмыстарды анықтауға бағытталған. 

Барлық жаңалықтар