• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Өзбекстан көшбасшылары екіжақты қарым-қатынасты одан әрі жандандырудың маңыздылығын айтты

Қазақстан мен Өзбекстан көшбасшылары екіжақты қарым-қатынасты одан әрі жандандырудың маңыздылығын айтты

11 Қазан, 2016 11:36
Елбасы Өзбекстан Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Әңгіме барысында тараптар өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін, сондай-ақ жоғары деңгейде өткен келіссөздер аясында қол жеткізілген келісімдердің іске асырылу барысын талқылады.

Екі ел көшбасшылары Қазақстан мен Өзбекстанның бертіндегі үкіметаралық байланыстарының оң нәтижелерін атап өтті.

Сондай-ақ, Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастығының басымдығы бар түрлі бағыттарындағы екіжақты қарым-қатынасты одан әрі жандандырудың маңыздылығы айтылды.

Бұдан бөлек, Мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты.

 

Барлық жаңалықтар