Қазақстан мен Франция стратегиялық серіктестікті кеңейтуге мүдделі

11 Қазан, 2016 15:51
Астанада Қазақстан мен Францияның сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялар жалғасуда, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстандық делегацияны сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко басқарды, француз делегациясын – Францияның халықаралық дамыту – континентальды Еуропа жөніндегі сыртқы істер министрі  Флоранс Манжен басқарды.

Тараптар екіжақты саяси, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен Францияның «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуын талқылады. 

Министрлікте хабарлағандай, консультациялар экономикалық, инновациялық-технологиялық және мәдени-гуманитарлық байланысты стратегиялық дамыту  арқылы жүзеге асыруды талқылады.

Франция Еуропа одағындағы Қазақстанның жетекші серіктесі мен үздік сауда – экономикалық әріптесі болып табылады. Соңғы жылдары  орташа сауда айналымы  6 млрд долларды құрады.  2005 жылдан бастап  Қазақстан экономикасына  12 млрд доллар француздық капитал құйылды.

Келесі жылы екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына  25  жыл толады.

Соңғы жылдардың маңызды оқиғалары 2014 жылдың желтоқсанында Қазақстанға Франсуа Олландтың келуі және  2015 жылдың қарашасында Н.Назарбаевтың Францияға  жасаған ресми сапары. 

Барлық жаңалықтар