- Басты
- Жаңалықтар
- Парижде ЭЫДҰ және Қазақстанның бірлескен жобаларының жүзеге асу нәтижесі шығарылды
Парижде ЭЫДҰ және Қазақстанның бірлескен жобаларының жүзеге асу нәтижесі шығарылды
Құрамына білім және ғылым, денсаулық сақтау, өңірлік даму, экономика және бюджеттік жоспарлау, индустрия және жаңа технологиялар, қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары, ауыл шаруашылығы министрліктері мен мемлекеттік қызмет істері, статистика және бәсекелестікті қорғау агенттіктерінің басшылары кірген қазақстандық делегация Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымыныңЕуразиялық бәсекелеге қабілеттілік бағдарламасы шеңберіндегі Өңірлік бастамалар басқарушы комитеттерінің кезекті отырысына қатысты.
Отырыс барысында ЭЫДҰ мен Қазақстанның бірлескен жобаларының аралық қорытындысы таныстырылды. Аталған жобалар мемлекеттік қызметтің сапасын жақсартуға, пилоттық салалардағы әкімшілік тосқауылдар мен шектеулерді алып тастауға, Қазақстанның өңірлерінің инвестициялық тартымдылығын аррттыруға және отандық шағын және орта бизнес пен шетелдік инвесторларрдың арасында іскерлік байланыстар орнатуға бағытталған.
Ал 4 желтоқсанда Еуразия елдерінің бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру жөніндегі «дөңгелек үстел» отырысының» бірінші отырысы өтті. Бұл шараның мақсаты өңірлік диалогты дамытуға, Орталық Азия, Шығыс Еуропа және Кавказ елдеріндегі бәсекеге қабілеттілікті арттыру бойынша тәжірибе алмасуға және реформаларды зерделеуге қолдау көрсету болып табылады. Бұл кездесудің барысында Қырғызстандашағын және орта бизнестің қаржыландыруға қолжетімділігі, адам капиталын дамыту, инвестициялар мен экспортты ілгерілету туралы, Молдовадағы бизнес-қызметтердің дамуы және шағын және орта бизнестің қаржыландырылу мүмкіндіктері жөніндегі шолулар таныстырылды.
Қазақстандық делегация сапар аясында сондай-ақ Қазақстан мен ЭЫДҰ арасындағы ынтымақтастық жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған Елдік бағдарламаның жобасын келісу 2014-2016бойынша екіжақты кездесулер өткізді.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады