- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Дүниежүзілік пошта одағының Әкімшілік кеңесінің құрамына кірді (ФОТО)
Қазақстан Дүниежүзілік пошта одағының Әкімшілік кеңесінің құрамына кірді (ФОТО)
Бұл мүшелік қазақстандық мамандарға әлемдік пошта саласын өзгерту үшін инновациялық шешімдерді ұсынуға мүмкіндік береді. Саланың жұмыс істеуінің жаңа механизмдерін ұсыну және енгізу құқығы Дүниежүзілік пошта одағының құрамындағы 192 мемлекеттің ішінде тек 40 мемлекетте ғана бар.
ДПО Конгрессі көптеген әлем елдері арасындағы реттеуіштері, ұлттық пошта байланысы операторлары және іскерлік қоғамдастық өкілдері үшін пошта байланысын дамыту перспективалық мәселелері бойынша талқылауға және шешімдерді қабылдауға арналған басты алаңы болып табылады.
Біздің еліміздің атынан делегация құрамын «Қазпочта» АҚ топ-менеджменті және ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің өкілдері құрады.
«Біздің компания әкімшілік кеңестің құрамына енді, бұдан былай мамандарымыздың идеяларды жылжытудағы белсенділігінің арқасында, қысқа мерзім ішінде бізге компаниямыздың имиджін ғана емес, сонымен қатар ақшалай түсімдерімізге оң ықпал ететін процестерді өзгертуді болжаймыз.
Қазірдің өзінде де көптеген елдердің пошталық әкімшіліктері біздің инновациялық соның ішінде сәлемдемелер супермаркеті және т.б. секілді жобаларымызға қызығушылық танытып отыр. Конгрес аясында біз Түркияның пошталық әкімшілігімен меморандумға қол қойдық. Аталған меморандум қазақстандық кәсіпкерлері үшін Түркияның нарығына шығуына, түрік тұтынушыларына отандық тауарларды іске асыруға жаңа перспективалық мүмкіндіктер ашады. Бұл «Қазпочта» АҚ-ның postmarket.kz және Түркияның пошталық онлайн-сервистері инфокоммуникациялық жүйелерін бірігуінің арқасында мүмкін болады»,- деп баяндайды «Қазпочта» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин.
Сондай-ақ, меморандумға қол қою шеңберінде тараптар е-коммерцияны дамыту, тәжірибе мен ақпарат алмасу, қызмет көрсету сапасы, пошта-төлем қызметтері, филателия, жедел аударым жүйесі және т.б. жөнінде ынтымақтастық туралы келісімге келді.
Қазақстан бүгінгі таңда 192 мемлекетті біріктіретін, Дүниежүзілік пошта одағының толық құқылы мүшесі болып табылады.
Конгресс барысында, қатысушылар пошта қызметтерінің жұмыс сапасын жақсартуға, әлемдік пошта инфрақұрылымын дамытуға, қызметтердің ассортиментін кеңейтуге, соның ішінде, заманауи ақпараттық технологияларды ескере отырып пошталық әкімшіліктерімен ұсынылатын қаржылық қызметтерге бағытталған бірқатар шешімдер қабылданды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру