- Басты
- Жаңалықтар
- СҚО бюджетіне жыл басынан бері 25 млрд-тан астам қаржы түсті
СҚО бюджетіне жыл басынан бері 25 млрд-тан астам қаржы түсті
«Шығыс бойынша облыс бюджетi 2016 жылдың 1 қазандағы мәлiметке сай 97,9%-ға орындалған. Нақтыланған жоспар бойынша шығын мөлшерi 123 936,1 млн.теңгенi құраса, жұмсалған шығын 121 334,7 млн. теңгенi құрады. Яғни, жұмсалмаған қаражат көлемi 2 601,3 млн. теңге», — дедi Ескен Әкiмжанов.
Мақсатты трансферт пен несиелер үшiн республикалық бюджеттен бөлiнген қаражат 95,5%-ды құрады.
Өңiр басшысы Ерiк Сұлтанов аудан әкiмдерiне мемлекеттiк бағдарламаларды жүзеге асыруға арналған бюджет қаражатын уақытылы пайдалануды тапсырды.
«Аудан әкiмдерi, тұрғындардың әлеуметтiк жай-күйi сiздердiң қызметтерiңiзге, жасаған жұмыстарыңыздың нәтижесiне тәуелдi», — деп атап өттi Ерiк Сұлтанов.
Одан әрi аппараттық кеңесте әлеуметтiк нысандарды жылыту маусымына қосу мәселелерi қарастырылды. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Тасмұрат Қатқадамовтың ақпаратынша, облыста барлық бiлiм беру, денсаулық сақтау, мәдениет саласының ғимараттары, тұрғын үйлер жылыту маусымына толық дайын.
«Петропавл қаласында жылыту маусымы 2016 жылдың 26 қыркүйегiнде басталды. Бүгiнгi таңда барлық әлеуметтiк нысандарға жылу берiлдi, ал тұрғын үйлерде бұл жұмыстар кезең-кезеңмен жүргiзiлуде», — деп хабарлады Тасмұрат Қатқадамов.
Аппарттық кеңес барысында 2016 жылдың 9 айы бойынша «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасының жүзеге асырылуы қорытындысы қаралды. Ағымдағы жылы бағдарламаны жүзеге асыруға 6,4 млрд. теңге бөлiнген, 1 қазандағы ақпарат бойынша 4 млрд. 226 млн. теңге (90%) қаражат игерiлген. Бұл туралы жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының басшысы Асқар Сақыпкереев баяндады.
«Жұмыспен қамту жол картасының» басты мақсаттарының бiрi — жаңа жұмыс орындарын ашу. Бүгiнгi таңда жүзеге асырылып жатқан жобалар аясында 501 жұмыс орны құрылса, олардың 397-i бағдарлама қатысушыларына арналған», — дедi Асқар Сақыпкереев.
Жиналыс соңында облыс әкiмi Ерiк Сұлтанов аудан әкiмдерiне бюджеттi бағдарламалар әкiмшiлiктерiмен бiрлесiп елдi мекендердегi абаттандыру жұмыстарын жүргiзудi, «Жұмыспен қамту жол картасы» қатысушыларының зейнетақы төлемiнiң болуын қадағалауды тапсырды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі