- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында сауда аймағы құрылады (ФОТО)
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында сауда аймағы құрылады (ФОТО)
Кездесуде аймақ басшысы мәртебелі мейманды өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуеметімен таныстырып, екіжақты ынтымақтастықты дамыту жайын талқылады. Қазақ-өзбек қатынасын жақсартып, тауар айналымын ретке келтіру бойынша келіссөздер жүргізіліп, ортақ келісімге қол жеткізілді.
Аталған келісімнің шеңберінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы қос елдің шекарасы маңында сауда аймағын құру жоспарлануда.
Сондай-ақ, екіжақты басқосуда жыл соңына дейін Шымкент қаласында өзбек тауарөндірушілерінің көрмесін ұйымдастыру жөнінде мәмілеге қол жеткізіліп, арнайы жұмыс тобы құрылатын болды.
Оңтүстік Қазақстан облысына іссапары барысында У.Розукулов облыстың бизнес мүмкіндіктерімен танысты. Атап айтқанда, көршілес қонаққа «Химфарм» АҚ және «Kaz Kioti» ЖШС-ның трактор зауытының жұмысы көрсетілді. Өзбекстан Республикасының вице-премьері «Химфарм» АҚ-ның өндірісіне тәнті болып, өз елінде мұндай деңгейдегі кәсіпорынның жоқтығын жеткізді. Бұдан бөлек, делегация құрамында болған өзбек кәсіпкерлері «Kaz Kioti» ЖШС-мен әріптестік қарым-қатынас орнатуға мүдделі екеніне ниет білдірді.
Өзбекстанда жасалған жүк көліктері, мақта терім комбайндары және тұрмыстық техникалардың көрмесі Оңтүстік Қазақстан облысының индустриалды аймағында көрсетілді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды