- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда МЖӘ шеңберінде 25 жоба іске асырылуда
Алматыда МЖӘ шеңберінде 25 жоба іске асырылуда
Аудан әкімі мемлекет пен бизнестің, әсіресе экономикалық өсу қарқындарының жаһандық төмендеуі жағдайларында маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ ауданның инвестициялық әлеуеті туралы айтып өтті, деп хабарлады өңір әкімдігі.
Ауданда жыл басынан бастап 60 млрд теңгеге жуық инвестиция игерілген, оның ішінде 20%-ға жуығы шетелдік инвестициялар. Аудан экономикасының динамикалық дамуын жалпы саны 13 000 астам қолданыстағы ШОБ субъектілерінің жұмысы көрсетеді. Жыл басынан бастап Алматы қаласының даму бағдарламасы шеңберінде 2000-нан астам жаңа жұмыс орны құрылған, сондай-ақ Жұмыспен қамту орталығы арқылы 2 000-нан астам адам жұмысқа орналастырылған.
Форумның мақсаттарының бірі инвестициялық мүмкіндіктермен таныстыру және МЖӘ жобалары арқылы қала инфрақұрылымына инвестициялар тарту болып табылады. Қалада 25 жоба іске асырылуда. Қазіргі уақытта 1000 және 1200 орынға арналған жеке мектеп, 200 орынға арналған жеке балабақша, 100 орынға арналған интернат, оқытушыларға арналған жатақхана, шетелдік оқытушыларға арналған қонақ үй құрылысы жүргізілуде.
Одан басқа, «Forum Almaty» СОО, «Гагарин Парк» көп пәтерлі тұрғын үй кешені, сондай-ақ 120 орынға арналған жеке балабақшасы бар «Комфорт» ТК құрылысы жүргізіліп жатыр.
Сонымен бірге, құны 1 млрд теңгені құрайтын 500 орынға арналған Әл-Фараби атындағы ғалымдар үйінің құрылысы аяқталған. Одан басқа, МЖӘ шеңберінде Бостандық ауданында жыл соңына дейін 500 орынға арналған мектеп, ал келесі жылы спорт кешені ашылады.
Жалпы Алматыда жыл басынан бастап МЖӘ шеңберінде 84 жоба қаралып, 130 млрд теңгеге 25 жобаның іске асырылуы мақұлданған. Жобалардың басым көпшілігі (21) – концессия бойынша, 3-уі - сенімгерлік басқару бойынша іске асырылады, 1 – жеке қаржылық бастама.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы айта отыра, аудан әкімі мегаполисте жыл басынан бері 5 балабақша, 1 мектеп ашылғанын, 140-тан астам балалар және спорт алаңы жасалғанын атап өтті. Қазіргі уақытта 40 млрд теңгеден артық сомаға 48 жоба іске асырылуда: ауруханалар, балабақшалар, аула және спорт алаңдары.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті