АШМ: Қазақстан астықтың рекордтық көлемін – 23,1 млн тонна жинады

10 Қазан, 2016 17:21
Қазақстан астықтың рекордтық көлемін – 23,1 млн тонна жинады, деді ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов Үкіметтің бүгінгі отырысында.

«Республика бойынша астық жинау науқаны аяқталды. Бидайдың жалпы бункерлік салмағы 23,1 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда, 1,4 млн тоннаға артық.», - деді ол.

Ол айтықандай,  бір гектардан кем дегенде 15,2 центнер астық шықты.

«Биылғы жылы астықты жинау белсенділігі – күніне  357 мың га – 2015 жылдың көрсеткішінен  1,3 есеге артық – 284 мың га құрап отыр», - деді ол.  

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар