• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Мәмин ведомстволық бағынышты ұйымдарды түгендеу бойынша тапсырманың орындалуын өз бақылауына алды

А.Мәмин ведомстволық бағынышты ұйымдарды түгендеу бойынша тапсырманың орындалуын өз бақылауына алды

10 Қазан, 2016 17:14
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев өзінің бірінші орынбасары Асқар Мәминге Мемлекет басшысының 2016 жылдың соңына дейін барлық ведомстволық бағынышты ұйымдар мен әкімдіктерді түгендеу бойынша тапсырмаларының қаралуы мен аяқталуын өз бақылауына алуды тапсырды.

Үкімет басшысы жұмыстың бірінші бөлігін 1 желтоқсанға дейін аяқтауды және жеке жиналыс өткізуді тапсырды.

Одан басқа, ҚР Премьер-министрі жекешелендіру жоспарынан объектілерді алып тастау жөніндегі өтінімдерді қараудан бас тарту туралы мәлімдеді.

«Қандай да бір объектіні тізімнен алып тастау туралы ұсыныстар тоқтаусыз келіп түсуде. Оны тоқтату қажет, бекітілсе, барлық деңгейлерде келісілсе, жоспарға енгізілсе, онда ол жұмысты жүргізу қажет. Оны тоқтату және мемлекеттік органдар мен әкімдіктерден мұндай өтінімдерді  мүлде қарамау қажет», — деді Бақытжан Сағынтаев. 

Барлық жаңалықтар