ҚР Қаржы министрлігі: Қазақстанда 2,7 трлн теңге жария етілді

10 Қазан, 2016 16:51
Мүлікті жария ету акциясының соңына дейін үш ай қалды. 2016 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 2,7 трлн теңге жария етілді, деді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Үкіметтің отырысында.

«Мүлікті жария ету акциясының аяқталуына  3 ай қалды. 2016 жылдың  30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша  2,7 трлн теңге жария етілді. Оның ішінде мүлікті 853,2 млрд теңге,  1 813,8 млрд теңге қаражат жекешелендірілді. Аталмыш жария етілген сома ҚР аймағындағы  104 903 нысан мен  846,3 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ, 159 нысан шетелдік мүлік пен  6,9 млрд теңгенің құнды қағазы бар», - деді Б.Сұлтанов.

Ведомство басшысының айтуынша, капиталдың осыған дейінгі көрсеткіш байқатқандай, жария етілген мүліктің басым бөлігі соңғы 2-3 айда жүзеге асырылған.

«Мәселен,  2006-2007 жылдары болған жария етуде соңғы тоқсанға жария етудің 75 пайызы шақ келген болатын. Осыған орай, жыл соңына дейін капиталды жария ету айтарлықтай өсуі мүмкін. Өткен жылы банк есебіне енгізілген қаражат  6,3 млрд теңгені құрады», - деді ол.

Жалпы,  4 201 арнайы банк есебі жария ету үшін ашылды. 

Ботагөз Айтжанова

 

 

 

Барлық жаңалықтар