Б.Сұлтанов: 2016 жылы 7,1 млрд теңгенің 67 нысаны жекешелендірілді

10 Қазан, 2016 16:47
1 қазандағы жағдайда жекешелендірудің «екінші толқыны» бойынша 86,6 млрд теңгенің 315 нысаны жекешелендірілді. 2016 жылы 7,1 млрд теңгенің 67 нысаны жекешелендірілді, деді Үкімет отырысында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

«1 қазандағы жағдай бойынша жекешелендірудің екінші кезеңінде 86 млрд теңгеге 315 нысан жүзеге асырылды. Оның ішінде 2016 жылы жалпы сомасы 7 млрд теңгеге 67 нысан сатылды, сондай-ақ, 186 млрд теңгені құрайтын 200 нысан саудада тұр. Осылайша, барлығы 515 нысан саудаға қойылды, 19 нысан қайта құрылды және таратылды. Сатылған нысандардан кірістің артқанын және салықтың артып жатқанын, сондай-ақ жалақы қоры және жұмыспен қамту сақталатынын білу үшін жекешелендірілгенге дейін және жекешелендірілгеннен кейін талдау жұмыстары жүргізілді», - деп хабарлады министр.

Министрдің айтуынша, биыл 4,5 млрд теңгенің  52 нысанын сату жеделдетілді.

«Біз нарықта бұрынғы квазимемлекеттік және мемлекеттік органдардың жағдайын біліп отырамыз. Жалпы алғанда, 2015 жылы сатылған 106 нысан бойынша осы жылдың 8 айында салық 15%-ға, міндетті зейнетақы жарнасы 1%-ға артты. Алайда, 58 кәсіпорын салықтың және зейнетақы жарнасының көлемін азайтты. Жалпы, оң үрдіс 37 компанияның есебінен құрылды, - деп атап өтті Б.Сұлтанов Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар