- Басты
- Жаңалықтар
- Т.Дүйсенова мұнай-сервистік кәсіпорындарда жұмыскерлерді қолдау шаралары туралы айтты
Т.Дүйсенова мұнай-сервистік кәсіпорындарда жұмыскерлерді қолдау шаралары туралы айтты
«Арнайы жұмыс тобы өткізген зерттеу шаралары нәтижесінде 99 мұнай-сервистік компанияда жұмыстан босату қаупі бар екені анықталды. Бұл мекемелерде 44 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Бүгінде министрліктің қолдауын қажет ететін жұмысшылардың үш тобы анықталып отыр. Бірінші топта 1239 адам бар. Олар 52 кәсіпорында қызмет етіп, биыл жұмыстан шығарылған болатын. Аталған жұмысшылардың басым бөлігі Ақтөбе мен Маңғыстау облыстарында», - деді Т.Дүйсенова.
Министрдің сөзіне қарағанда, осы уақытқа дейін сан алуан бағдарламалар бойынша жұмыссыз қалған 325 адам тұрақты жұмыс тапты. 355-сі қайта даярлау курстарынан өтті. Олардың ішінде уақытша жұмысқа тұрғандар да бар. Тағы 100 адам өздігімен жұмыс тауып алды. Қазіргі кезде қалған 500 адамды жұмысқа орналастыру жұмыстары жалғасып жатыр.
Үшінші топ - қызметкерлердің қысқарылуы болжануда.
«Әкімдіктердің мәліметінше, жақын арадағы перпективада Атырау облысынан басқа ешқандай өңірде мұнай сервистік кәсіпорындарда қысқартылу қарастырылмай отыр. Бұл салада биыл және алдағы жылда 3 мың 804 адам босатылады, оның ішінде 22 кәсіпорында 2 мың 490 қызметкерді шығару қарастырылған. 2017 жылы 14 кәсіпорында 1 мың 314 жұмыскерді құрайды», - деді Т.Дүйсенова.
Министрдің айтуынша, екі топқа тиесілі жұмыскерлерді қамту үшін министррлік орталық мемлекеттік органдармен екі әдісті әзірледі.
«Екінші топқа 22 кәсіпорынның жұмысшылары кірді. Себебі олардың жұмысы тұрақсыз кестеге ауыстырылды. Ондай жұмысшылар саны 3 200 адамды құрап отыр. Олардың 1316-сы жұмыс істемейді. Өйткені кәсіпорындардың жұмысы тоқтаған. 1290-ы мерзімсіз демалысқа жіберілсе, 594-і толыққанды жұмыс істеп жатқан жоқ. Ал үшінші топқа алдағы уақытта жұмыссыз қалады-ау деген азаматтар еніп отыр. Олардың барлығы – Атырау облысындағы кәсіпорындардың жұмысшылары. Алдағы екі жылда аталған облыста 3 804 адам жұмыссыз қалады деген болжам бар.алдағы уақытта Теңізшевройлды кеңейту жобасы аясында қосымша 20 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Осының есебінен жұмыссыз қалған азаматтарды қызметке тұрғызу жоспарланған. Бұдан бөлек, индустриялдық-инновациялық бағдарлама мен жұмыспен қамтудың басқа да шараларын қолдану қарастырылып отыр», - деді ол.
Ботагөз Айтжанова
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары