- Басты
- Жаңалықтар
- Жұмыскерлер кәсіподағы, кәсіпкерлер қауымдастығы мен ИЖТМ тау-металлургия өнеркәсібі қызметкерлерін қорғау туралы келісімге келді
Жұмыскерлер кәсіподағы, кәсіпкерлер қауымдастығы мен ИЖТМ тау-металлургия өнеркәсібі қызметкерлерін қорғау туралы келісімге келді
«Келісімге қол қою кен өндірісі және тау-металлургия кәсіпкерлігінің республикалық қауымдастығы мен тау-металлургия өнеркәсібі жұмыскерлерінің кәсіподағына қарасты жұмыс берушілер мен кәсіпкерліктер кәсіподағы жұмысының жалғасы болып табылады. Келісімшартта жұмыс берушілердің жұмысшыға қатысты минималды стандарттарына қатысты жерлер бар», - делінген хабарламада.
Келісімшартта еңбек жалақысы мен өтемақының салалық кепілдемесі бекітіліп, ҚР Еңбек заңнамасы мен халықаралық еңбек құқына сай кепілдендіру механизмі анықталған. Сонымен қатар, жұмыс орнының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша минималды норма бекітілген.
Хабарламада айтылғандай, құжатта еңбек төлемі, демалыс уақыттары, жұмыспен қамту, еңбек қауіпсіздігі, әлеуметтік кепілдіктер, жастармен жұмыс жасау мәселелері қарастырылған.
ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі А.Раудың айтуынша, аталмыш келісімшарт жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің қатынасын кәсіподақтар арқылы реттеуге мүмкіндік береді. Еңбек өнімділігін арттыру мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары енгізілген.
Бұдан бөлек бұл құжат аталмыш саладағы жұмыскерлер мен жұмыс берушінің қатынастарын реттеудің негізгі құжаты болып табылады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді