• Басты
  • Жаңалықтар
  • Энергетика министрлігі ҚР мұнай-газ саласының басты проблемаларын шешу жолдарын анықтады

Энергетика министрлігі ҚР мұнай-газ саласының басты проблемаларын шешу жолдарын анықтады

10 Қазан, 2016 15:41
ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев басқарған мұнай-газ саласының ірі жобаларына отандық мұнай сервисі компанияларын тарту бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы Қазақстанның мұнай-газ саласының басты проблемаларын шешу жолдарын әзірледі.

«Біз ірі жер қойнауын пайдаланушылармен және мұнай сервисі өкілдерімен бірқатар кездесулер өткіздік, олардың проблемалары мен оларды шешу жолдарын талқыладық: қазақстандық компанияларда күрделі жұмыс түрлері бойынша тәжірибесінің жоқтығын атап өтуге болады, бұл операторлардың олардың талаптарына сәйкестігіне қатысты алаңдаушылығын туғызады. Осы проблема шетелдік және жергілікті компаниялар арасында бірлескен кәсіпорындар немесе консорциумдар құру арқылы шешіледі», — деді Қ. Бозымбаев сөз барысында.

Министр Қарашығанақ газ конденсаты кәсіпорнының, НКОК, ТШО басшыларына берілген, әлеуетті өнім берушілерге қазақстандық компаниялармен әріптестік жасау қажеттілігі туралы міндетті талаптар қою жөніндегі тапсырмаларды атап өтті.

Қ. Бозымабев операторлардың келісімшарттарына сәйкес, олардың шетелдік қосалқы мердігерлері баж бен ҚҚС төлеуден босатылғанын атап өтті. Бұл қазақстандық өнім берушілерді тең емес жағдайға қояды. Осы мәселені жан-жақты қарау үшін, үш оператордың, ҚР ҰЭМ, ҚМГ, ҰКП және басқаларының қатысуымен тиісті жұмыс тобы құрылған.  

Барлық жаңалықтар