• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан Президенті Нидерландыны БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүшелік етуімен құттықтады

Қазақстан Президенті Нидерландыны БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүшелік етуімен құттықтады

10 Қазан, 2016 13:14
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Нидерландының ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дирк Коптың сенім грамотасын қабылдай отырып, елді БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше ретінде кіруімен құттықтады және Нидерланды ҚР шетелдік инвесторларының алдыңғы орнында тұрғанын атап өтті.

«Нидерланды біздің экономикамызда шетелдік инвестрлардың ішінен алдыңғы орынды алады. Менің 2014 жылы Гаагаға сапарым және премьер-министр Марк Лютиннің өткен жылғы желтоқсанда Астанаға сапары екі жақты ынтымақтастықты нығайтуға күшті серпін берді. Нидерландыны елдің 2018 жылға БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құттықтаймын», — деп құттықтады Қазақстан Президенті Дирк Копты.

Өз кезегінде елші Нидерланды БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі аясында Қазақстанмен ынтымақтастық жасауды асыға күтетінін, ал 2017 жылы Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде өздерінің павильонын таныстыратынын атап өтті.

«Біздің Қазақстан мен Нидерланды арасындағы қарым-қатынастарымыз бұрынғыдан да қарқынды дамуда. Біз еліміздегі нөмір бірінші инвестор ретінде Қазақстанмен сауда, ауыл шаруашылығы, су ресурстарын басқару және спутниктік деректерді пайдалану салаларында іс-қимыл жасаймыз. Біз Қазақстанның экономиканы ұйымдастыруға, саяси және заңды ашықтықты жетілдіруге ұмтылуын қолдаймыз», — деп мәлімдеді Дирк Коп.

Оның айтуы бойынша, ЕО мен Қазақстан арасындағы жақын арада қол қойылған, кеңейтілген ынтымақтастық және әріптестік туралы келісім екі елдің өзара көмек көрсету және достық қарым-қатынастары үшін мүмкіндіктерді кеңейте түседі.

Барлық жаңалықтар