- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысындағы құс фабрикасы жылына 60 млн жұмыртқа шығарады
Павлодар облысындағы құс фабрикасы жылына 60 млн жұмыртқа шығарады
Құс фабрикасында құрылыс-монтаждау жұмыстары толығымен аяқталды: бес тауық қорасы, жұмыртқаларды сараптаудан өткізетін цех, санитарлық өткізу аумағы, әкімшілік корпус жұмысқа сақадай сай дайын тұр. Кәсіпорын басшысының Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа айтуынша жобаға салынған инвестициялар көлемі қазірдің өзінде 500 миллион теңгені құрайды. Құс фабрикасының жалпы құны 1,5 миллиард теңгені құрайды.
«Біз балапандардың алғашқы партиясын әкелдік. Енді оларды 130 күн ішінде жемдеп, өсіретін боламыз», - дейді «Павлодар-Құс» ЖШС-ің директоры Ербол Досыбаев. «Біз өзіміздің өнімімізді сатылымға шығару үшін қаламыздың кәсіпорындары мен сауда желілермен алдын-ала келісімшартқа отырдық».
Кәсіпорында жаңадан ашылған 60 жұмыс орнына Жетекші ауылының тұрғындары орналасты.
«Мен кәсіпорында алғашқы күнінен бастап жұмыс істеймін, - дейді құс фабрикасының реттеуші операторы Шыңғысхан Әбдірахманов. – Ауыл жастары үшін қомақты жалақы төленетін жұмыс орындарының ашылуы көңілді қуантады.
Айта кетерлігі, «Павлодар-Құс» ЖШС-де құс фабрикасын жеммен қамтамасыз ететін құрама жем фабрикасы жұмыс істейді. Фабриканың жалпы құны 100 миллион теңгені құрайды.
-
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қазақстанда 7 млн-нан астам азамат вакцина алды -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
Экономикалық зерттеулер институтына - 60 жыл -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
Елордада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек беріледі