• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаев: Сайланған елшілердің қызметі ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығында аса маңызды

Н.Назарбаев: Сайланған елшілердің қызметі ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығында аса маңызды

10 Қазан, 2016 12:37
Сегіз елдің сенім грамоталарын қабылдай отырып Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сайланған елшілердің қызметі ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығында аса маңызды екенін атап өтті.

«Сіздерді шын жүректен ҚР-дағы дипломатиялық миссияның басталуымен құттықтаймын. Сіздердің жұмыстарыңыздың нәтижесінде біздің елдер арасында өзара ынтымақтастық жалғасады. Құрметті елшілер, еңбектеріңіз ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығында аса маңызды  болып отыр», - деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы Ватиканмен қарым-қатынас туралы айта отырып,  Ватиканның құрметті  өкілдігінің  Әлемдік және дәстүрлі дін өкілдерінің съезі жұмысына белсенді   қатысатындығын атап өтті.  Елбасы сондай-ақ, Қазақстан үшін  2001 жылы Астанаға Рим Папасы II Павелдің келуі ерекше оқиға болғандығын атап өтті.

Мұсылмандық әлемде Катармен ынтымақтастық аса маңызға ие екенін  Н.Назарбаев атай отырып,  Қазақстан-Түрікменстан – Иран темір жолын  экономикалық достастық аясында қолдануды ұсынды.

Айта кетейік, Елбасына сенім грамоталарын мына елдер табыстады:  Австрияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Герхард Сайллер, Ватиканның ҚР-дағы Фрэнсис Ассизи Чулликат (Ватикан), Германия Федеративтік Республикасының ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі Рольф Мафаэль, ҚР-дағы Грекия Республикасының Төтенше және Өкілеті елшісі Александрос Катранис.Сенім грамоталарын сондай-ақ,  Нидерланд Корольдігінің  ҚР-дағы  Төтенше және Өкілетті елшісі Дирк Ян Коп, Швейцарияның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі Урс Шмид, Жапонияның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі Итиро Кавабата, Катардың ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ахмад бен Али Абдуррахман Аль-Джамиль Аль-Тамими табыстады.

Барлық жаңалықтар