• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-дағы инвестициялық гранттар бағдарламасының бірінші кезеңі 2014 жылдың бірінші жартысында аяқталады

ҚР-дағы инвестициялық гранттар бағдарламасының бірінші кезеңі 2014 жылдың бірінші жартысында аяқталады

5 Желтоқсан, 2013 11:04
Астанада ағымдағы жылдың 10-11 желтоқсан аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы «Технологияларды коммерциаландыру орталығы» ЖШС «Инновациялық жобаларды коммерциаландыруды қолдау» тақырыбында семинар өтті, деп «Технологияларды коммерциаландыру орталығы» ЖШС баспасөз қызметі хабарлады.

«Семинардың мақсаты коммерциаландыру саласында кәсіпкерлік белсенділікті арттыру.Шара ғылыми ұжымдардың жетекшілері мен коммерциаландыру технологияларының кеңсе қызметкерлері, ғылыми-зерттеу институттың өкілдері мен бизнес-кәсіпкерлеріне арналып отыр», - делінген хабарламада.

Орталықтың ақпараты бойынша, инновациялық гранттардың бағдарламасы 3 кезең бойынша жүзеге асады. Бірінші кезең 2014 жылдың бірінші жартысында жүзеге асады. Бірінші этаптың қаражаты – 517,6 млн теңгені құрайды.

Дәрісті отандық және шетелдік сарапшылар оқиды. Оқыту барысында семинарға қатысушылар теориялық және тәжірибелі білім алады. Инвесторлармен қарым-қатынас орнату, гранттық бағдарламаға қатысу сынды салалар бойынша сауаттарын аша алады.  

Барлық жаңалықтар