Қазақстанда үлескерлерді құқықтық қолдайтын сайт ашылады

10 Қазан, 2016 11:57
ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Экономиканың инфрақұрылымын дамыту департаментінің директоры Ұлан Жазылбек «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңның нормаларын түсіндіріп сөз сөйледі.

«Бұрын қолданыстағы болған Заң қойылған міндеттерді орындаған жоқ. Мәселен, 2010 жылдан бастап тұрғын үй құрылысында үлестік қатысу саласында үлескерлердің қаражатын тартуға тек бір лицензия берілген. Құрылыс салушылар тұрғын үй мақсатындағы объектілердің құрылысына үлескерлердің ақшасын нысаны мен мазмұны реттеушілік салаға жатпайтын өзге де мәмілелерді жасау арқылы заңнама нормаларынан тыс тарту мүмкіндігіне ие болды»,- Ұ.Жазылбек белгіледі.

Өз кезегінде, жаңа Заң үлескерлердің қаражатын қорғау және кепілдендіру тетіктерін көздейді және үлестік тұрғын үй құрылысын ұйымдастырудың  Кепілдік беру қорының кепілдігін алу, екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы, тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілдерін қамтиды.

Спикер бүгінгі күні күшіне енген Заң тұрғын үй құрылысына халықтың қаражатын тартудың жаңа тетіктерін енгізуге және үлескерлердің тәуекелдерін барынша азайтуға бағытталғанын атап өтті.

 

Барлық жаңалықтар