• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сегіз елдің елшісі Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын табыстады (ФОТО)

Сегіз елдің елшісі Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын табыстады (ФОТО)

10 Қазан, 2016 11:12
Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа бірқатар шетелдік елдер сенім грамоталарын табыстады.

Елбасына сенім грамоталарын мына елдер табыстады:  Австрияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Герхард Сайллер, Ватиканның ҚР-дағы Фрэнсис Ассизи Чулликат (Ватикан), Германия Федеративтік Республикасының ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі Рольф Мафаэль, ҚР-дағы Грекия Республикасының Төтенше және Өкілеті елшісі Александрос Катранис.

Сенім грамоталарын сондай-ақ,  Нидерланд Корольдігінің  ҚР-дағы  Төтенше және Өкілетті елшісі Дирк Ян Коп, Швейцарияның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі Урс Шмид, Жапонияның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі Итиро Кавабата, Катардың ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ахмад бен Али Абдуррахман Аль-Джамиль Аль-Тамими табыстады.

Өз кезегінде Елбасы Қазақстанда сайланған елшілерді  құттықтады.

«Мен баршаңызды шын жүректен Қазақстан Республикасындағы  дипломатиялық миссиялардың басталуымен құттықтаймын», - деді Н.Назарбаев.

Ботагөз Айтжанова

Сурет:Бауыржан Жуасбаев 

 

Барлық жаңалықтар