• Басты
  • ҚК ӘҚК әскери авиация ұшу тактикасын сәтті аяқтады (ФОТО)
10 Қазан, 2016 19:32

ҚК ӘҚК әскери авиация ұшу тактикасын сәтті аяқтады (ФОТО)

«Сарышаған» полигонында Қазақстан Республикасы Әскери-әуе күштері екіжақты ұшу тактикалық оқу-жаттығуларының соңғы фазасы өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
ҚК ӘҚК  әскери авиация  ұшу тактикасын сәтті аяқтады (ФОТО)

Оқу-жаттығулар 2016 жылға арналған ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштерін даярлау жоспарына сәйкес 2016 жылғы қыркүйектің 30-ы мен қазанның 7-і аралығында әскери авиация ұшу аппараттарының барлық типтерін тарта отырып, «Қазақстан», «Қызылағаш», «Сарышаған» полигондарында өткізілді.

Оқу-жаттығу барысында ӘҚК ӘӘК-нің әскери бөлімдерін жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру, жедел әуеайлақтарға авиацияны қайта орналастыра отырып, әуеайлақтарды күзету мен қорғауды ұйымдастыру мәселелері пысықталды. Оқу-жаттығуды өткізу кезінде жеке құрам жедел және жауынгерлік құжаттарды әзірлеуде өздерінің практикалық машықтарын жетілдірді. Оқу-жаттығу шынайы жауынгерлік ахуалға жақындатылған жағдайда орындалды.

Оқу-жаттығудың міндеттері:

- қабылданған жауынгерлік шешімнің сәтті іске асырылуын қамтамасыз ететін қажетті моральдық-жауынгерлік қасиеттерді қалыптастыра отырып, үйренушілердің тактикалық ойлау қабілетін дамыту;

- жойғыш-бомбалаушы және армиялық авиацияның болжалды қарсыласының нысандары бойынша топтық авиациялық соққы жасау, әуе ұрысын жүргізу, сондай-ақ, жойғыш авиация қарсыласының әуеден шабуылдауы мен әуеден барлауы құралдарының соққыларынан әскерлер мен нысандарды тасалау.

«Аталған оқу-жаттығу әртүрлі авиабазаларда екі аралас авиациялық топтаманың құрылуымен ерекшеленді. Онда командирлер, олардың штабтары мен жеке құрамы іс жүзінде өздерінің білімдерін, тәжірибелері мен ұшу дағдыларын қолдана отырып, әуеде бір-біріне қарсы жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізді. Аталмыш ұшу тактикалық оқу-жаттығу 2016 оқу жылында Әскери-әуе күштерінің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілеттілігін тексеруге негіз болды», - деп ӘӘК қолбасшысы авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов атап өтті.

Оқу-жаттығуды өткізу барысында «әуе-әуе» класындағы зымырандардан орындалған әуе нысаналары сынамадан ойдағыдай өтіп, қолданылды. Зымырандардың аталған типі жарақтандырудан алынды және жаңғырту бойынша белгілі бір жұмыстарды орындағаннан кейін жойғыштардан басқарылатын зымырандардың іске қосылуын пысықтау үшін әуе межелері ретінде пайдаланылады.


 

Барлық жаңалықтар