- Басты
- Жаңалықтар
- «Азаматтарға арналған үкімет» мобильдік тобы 20 мың мүмкіндігі шектеулі жанға қызмет көрсетті
«Азаматтарға арналған үкімет» мобильдік тобы 20 мың мүмкіндігі шектеулі жанға қызмет көрсетті
Мемлекеттік корпорацияның фронт-офистерінде арбадағы мүгедектер үшін пандустар, шақыру нүктелері орнатылған. Фронт-офистерді Брайль мәтініндегі ақпараттық тақталармен жабдықтау жұмыстары аяқталуға жақын. Сонымен қатар, жақын арада көзі нашар көретіндерге арналған тактильді жолдар орнату жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкіметтің» қызметтерін 1 және 2-топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар мемлекеттік корпорацияның фрот-офистеріне бармай-ақ ала алады. Мобильдік топты шақыру үшін олар Біріңғай байланыс орталығының 1414 нөміріне телефон шалулары қажет. Мемлекеттік корпорация қызметкері оған 72 сағат ішінде барады.Жыл басынан бері мобильдік топ 20 499 мүмкіндігі шектеулі жандарға барып, 28619 қызмет көрсетті. Олардың ішінде жылжымайтын мүлік пен құжаттандыру бойынша қызметтерге, электрондық анықтамаларға сұраныс көп болды.
Мүгедектер үшін композиттік қызметтерді алу мүмкіндігі де қарастырылған. Мәселен, азамат мүгедектік тобын анықтау үшін комиссиядан өткенде, оның басқа еш жерге баруының қажеті жоқ. Оның құжаттары он-лайн режимінде мемлекеттік корпорацияға беріледі, мұнда барлық жәрдемақы түрлерінің төлемі белгіленіп, оның төленуі де ұйымдастырылады. Бұл Әділет министрлігінің ақпараттық жүйесі мен орталықтандырылған мүгедектік мәліметтер базасын ықпалдастырудың нәтижесінде мүмкін болып отыр. Өтініш қабылдау кезінде қағаз жүзіндегі құжат айналымы болмайды, ал жеке басын куәландыратын құжат жөніндегі, тұрғылықты жері бойынша тіркелуітуралы мәліметтердіэлектрондық үкімет шлюзі арқылы жеке азаматтардың мемлекеттік мәліметтер базасының ақпараттық жүйесіненалады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында әр түрлі қызметтерде 360 мүмкіндігі шектеулі жан жұмыс істейтінін айта кеткеніміз жөн.
Қазақстанда 571 685 мүгедек тіркелген, оның 293 665-і - I жәнеII топтағы, 210 421-і –IIIтоптағы мүгедектер, 67 579-і - мүгедек балалар. Оларды әлеуметтік жағынан мемлекет қамтамасыз етіп отыр, жәрдемақалар мен әлеуметтік төлемдерді өз уақытында аудару мен төлеуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүзеге асырады.
Естеріңізге салсақ, 1993 жылғы маусым айындаҚазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Мүгедектер күні белгіленген.Ол жыл сайын қазанның екінші жексенбісінде аталып өтеді.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді