- Басты
- Жаңалықтар
- ЕАЭО Вьетнам нарығына қолжетімділік алды
ЕАЭО Вьетнам нарығына қолжетімділік алды
ЕАЭО мүше мемлекеттердің елшілері өздерінің баяндамалары барысында күшіне енетін келісімнің маңыздылығын атап өтті, кедендік баждың жойылуы, Вьетнамнан ЕАЭО-ға тауарлар экспортының және ЕАЭО-дан Вьетнамға тауарлар импортының ұлғаюы туралы айтып берді, деп хабарлады ҚР СІМ.
Еуразиялық «бестік» келісімнің іске қосылуы нәтижесінде халық саны 90 млн. адамды құрайтын Вьетнамның сыйымды және перспективалы нарығына артықшылықты қолжетімділік алады. Вьетнам, өз кезегінде, бес елдің – Қазақстанның Ресейдің, Беларусьтің, Қырғызстан мен Арменияның жалпы ішкі өнімнің жиынтық көлемі 2,2 трлн АҚШ долларына жуық және 183 млн-ға жуық тұтынушысы бар жалпы нарығында өз өнімін жеңілдікті негізде ілгері жылжыта алады.
Қазақстанның елшісі Бекетжан Жұмаханов өз баяндамасында Еуразиялық экономикалық одақ пен Вьетнам арасындағы ынтымақтастықтың көліктік құрамына баса назар аударды. Ол Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуеті, әр түрлі бағдарлармен, соның ішінде темір жолдар арқылы Қазақстанмен байланысатын және темір жол көлігімен жүкті тасымалдау мерзімін едәуір қысқартатын Ляньюньгана қаласының (ҚХР) теңіз портындағы қазақстандық терминал арқылы жүкті контейнерлік тасымалдармен тасымалдау мүмкіндіктері туралы толық айтып берді.
Анықтама үшін: Еуразиялық экономикалық одақ пен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімге 2015 жылғы 29 мамырда Бурабайда ЕАЭО үкіметтері басшыларының отырысында қол қойылды және ол Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бірінші артықшылықты шарт болып табылады.
Құжатта көптеген тауарлық позицияларға (барлығы – 10 мыңға жуық атау) 90%-ға жуық әкелу кедендік бажының Келісім күшіне енгеннен кейін бірден (59%) немесе өтпелі кезеңдерден кейін (30%) төмендетілуі немесе «күшінің жойылуы» көзделеді.
Сараптамалық бағалаулар бойынша, Еуразиялық экономикалық одақтың экспорттаушылары үшін баждан үнемдеу келісімнің жұмыс істеуінің бірінші жылында 40 млн-ға жуық АҚШ долларын құрауы мүмкін. Барлық өтпелі кезеңдер өткеннен кейін кедендік баждың күшін жоюдан оң әсер жыл сайын 55-60 млн долларға жетуі тиіс.
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі