• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Швейцария депутаттары парламентаралық әріптестіктің болашағын талқылады

Қазақстан мен Швейцария депутаттары парламентаралық әріптестіктің болашағын талқылады

5 Желтоқсан, 2013 10:33
Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты Серік Ақылбай, Серік Біләлов пен мәжілісмен Айгүл Нуркин Швейцарияның Берн қаласында өткен қазақстандық-швейцариялық парламентаралық топ әріптестігінің бірінші отырысына қатысты, деп хабарлайды ҚР Парламент Сенатаның баспасөз қызметі.

«Жиын барысында қазақстандық парламентария әріптестігінің парламентаралық тобы швейцариялық әріптестері – Швейцария федералды жиыны депутаттарымен парламентаралық әріптестіктің маңызды мәселелерін талқылады», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, қазақстандық делегаттар Швейцарияның федералды жиыны Ұлттық кеңесінің қайтадан сайланған Президенті Руди Лустенбергермен және Кантондар кеңесінің бұрынғы Президенті Филиппо Ломбардимен кездесті.

Хабарламада айтылғандай, швейцарлық парламентария Мемлекет басшысының ядролық қарудан біржола бас тарту, «АТОМ» бағдарламасы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізу секілді бастамаларымен қанық болды.

Барлық жаңалықтар