- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Қорғаныс министрлігінде әскери білім беру мәселелері бойынша кеңес өтті (ФОТО)
ҚР Қорғаныс министрлігінде әскери білім беру мәселелері бойынша кеңес өтті (ФОТО)
Кеңес барысында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери білім беру жүйесін әрі қарай дамытудың негізгі мәселелері талқыланды. Бүгінгі күні қорғаныс ведомствосы «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының әскери білім беру ерекшеліктері бөлігіне қатысты өзгерістер енгізгенін айта кетейік.
Кеңесте аталған өзгерістерді іске асыру мәселелері көтеріліп, сондай-ақ, әскери білімді әрі қарай жетілдіру бағыттары айқындалды. Қорғаныс министрлігіне, әскери колледждерге ведомстволық бағынысты әскери мектептерді қайта құру бөлігінде Елбасы – ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы Н. Назарбаевтың тапсырмаларын іске асыру жөнінде жеке стратегиялық бағдарлар анықталды.
Сонымен қатар, кеңес барысында Қорғаныс министрі бірқатар әскери оқу орындары мен кафедра басшыларының баяндамаларын тыңдап, оқуға жаңадан қабылданғандардың қорытындысын жасады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы