• Басты
  • Жаңалықтар
  • Словакия ҚР мен ЕО арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады

Словакия ҚР мен ЕО арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады

8 Қазан, 2016 13:47
Словакия Президенті Андрей Киска Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады СІМ.

Бұдан бұрын, 2016 ж. 7 қыркүйекте Словак Республикасының Парламенті аталған келісімді ратификациялаған.

2016 жылғы 30 қыркүйекте Словак Республикасы Еуропалық одақты осы құжатты ратификациялағаны туралы ресми түрде хабардар еткен.

Келісім өзара іс-қимыл көкжиектерін 29 салаға дейін кеңейтіп, Қазақстанның ДСҰ-ға кіргенін және Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелігін қоса ескергенде, ҚР мен ЕО арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашады.

Барлық жаңалықтар