- Басты
- Жаңалықтар
- С.Ли: Жеке сот орындаушыларының қоржынында алимент өндіріп алу туралы 56 мыңнан астам құжат бар
С.Ли: Жеке сот орындаушыларының қоржынында алимент өндіріп алу туралы 56 мыңнан астам құжат бар
«Орындау құжаттарының әлеуметтік маңызды санатын орындаумен байланысты, атап айтқанда, алименттер бойынша жағдай бұрынғысынша өзекті болып қалуда. Бұрын айтылғандай, жаңа жылдан бастап бұл санат жеке сот орындаушыларының айрықша құзыретіне жатқызылған.
Қазіргі уақытта ЖСО қоржынында алимент өндіріп алу туралы 56 мыңнан астам құжат бар. Жыл соңында мемлекеттік сот орындаушыларынан 218 мың құжат көлемін құрайтын мұндай істердің тапсырылуы күтілуде.
5 мыңға жуық ата-ана алимент төлеуден бас тартуда. Өкінішке орай, практика көрсетіп отырғандай, алименттерді қасақана төлемеушілердің басым көпшілігі қандай да бір жазадан құтылып кетеді», - деді С. Ли «Сот актілерінің орындалуын заңнамалық қамтамасыз ету. Жеке сот орындаушылары институтын одан әрі дамыту» атты халықаралық конференция барысында.
Ол Қылмыстық кодекстің жаңа редакциясында алимент бойынша борышкерлердің жауапкершілігі күшейтілгенін, жазалау шаралары ретінде 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру енгізілгенін атап өтті.
«Қылмыс құрамы сот актісінің орындалмауын құрайтын 139-баптың диспозициясы өзгертілген. Заңда оны дәлелдеу сот шешімін орындаудан жалтару фактілерін уақыты жағынан ұзақ және бірнеше рет белгілеуді талап ететін қасақана деген түсінік алынып тасталған. Енді заң бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін оның заңда белгіленген үш ай мерзімінде орындалмау фактісі жеткілікті», - деп қосты С. Ли.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады