• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның Олимпиадалық құрамасы спорттың 6 түрі бойынша бәсекелестік күрес жүргізе алады – Т.Есентаев

Қазақстанның Олимпиадалық құрамасы спорттың 6 түрі бойынша бәсекелестік күрес жүргізе алады – Т.Есентаев

5 Желтоқсан, 2013 10:15
Қазіргі таңда Қазақстанның Олимпиадалық құрамы спорттың 6 түрі бойынша бәсекеге төтеп бере алады, деп мәлімдеді ҚР Спорт және спорт агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев ҚР Үкіметінің отырысында.

«Қазіргі таңда Қазақстанның Олимпиадалық құрамы спорттың 6 түрі бойынша бәсекеге төтеп бере алады. Атап айтар болсақ, олар: шаңғы жарысы, биатлон, фристайл-могул, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау және сноуборд. Спорттық маусымда үміт күттірерлік командалардың бірі және бүгінге дейін де айтарлықтай жетістіктерге жетіп келген команда ерлердің шаңғы жарысы командасы», - деді Т. Есентаев.

Агенттік төрағасының айтуынша, Денис Кузиннің 2013 жылдың спорттық маусым соңында жеткен жетістіктері де біздің конькилік команданың да жоғары жетістіктерге жетуінен үміт күттіреді.

«Ерлер арасында жеке-дара мәнерлеп сырғанау бойынша Денис Теннің 2013 жылы мақтаулы өнер көрсетуі Сочи Олимпиадасында да үлкен жетістіктерге сенім артуға себеп болып отыр. Фристайл бойынша да ерлер мен әйелдердің құрамасы дайындығы жаман емес», - деді агенттік төрағасы.

Айта кету керек, Финляндиядағы ФИС-старт жарысында Галышева бірінші орынға қол жеткізді, Рыбалова - 2 орын, Рейхард - 3 орын алса, Колмаков алтыншы орынға қол жеткізді.

«Біз сноуборт пен шорт-трек бойынша командалардың дайындығын пысықтап, байрақты бәсекеде жетістікке жетуді жоспарлап отырмыз. Бұл спорт түрлеріндегі еліміздің саңлақтары әлемдік дәрежеде үздік ондыққа енетін спортшылар», - деді Т.Есентаев.

Тау шаңғысы спортында, шаңғымен секіру, шаңғымен екі сайыс, шана спортында біздің команда, өкінішке орай, аутсайдерлер қатарында. Төрағаның пайымдауынша, аталмыш спорт түрлері бойынша топ жаруымыз керек.

Барлық жаңалықтар