- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада өтетін жәрмеңкеде ШҚО 300 тоннаға жуық түрлі ауыл шаруашылық өнімдерін ұсынады
Астанада өтетін жәрмеңкеде ШҚО 300 тоннаға жуық түрлі ауыл шаруашылық өнімдерін ұсынады
Оның хабарлауынша, тәуелсіздік жылдарында Шығыс Қазақстан облысы әлеуметтік-экономикалық дамуда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, мәдениет және спорт салаларында жарқын жетістіктерге жетті. Өңірде 170 білім нысаны өз есіктерін айқара ашты, оның ішінде 138 мектеп, 32 балабақша бар, 118 астам денсаулық сақтау нысаны ашылды. Мұнымен қоса, 40 мәдениет нысаны іске қосылып, спорт саласында 311 жаңа нысан пайдалануға берілді.
«Тәуелсісздік жылдары облыстың ішкі жалпы өнімі 260 есе өсіп, жалпы аймақтық өнім көлемі 330 есеге көтерілді. Аймақ өзінің металлургия саласындағы жетістіктерімен танымал. Өндірістік өнім көлемі 30 млн. теңгеден 1 млрд.астам теңгені құрап, 34 есе өскен», - деді Ж.Омар.
Өңір басшысының орынбасары, сондай-ақ, Шығыс Қазақстандық облысы Астанада ұйымдастыратын шаралар туралы айтып өтті. «Қазан айының 8-9 күндері «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының алаңында «Қазақстанда жасалған» атты ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылатын болады. Жәрмеңкеде елорда тұрғындарына 300 тоннаға жуық түрлі ауыл шаруашылық өнімдері ұсынылмақ», деп қосты ол.
Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысының Астанадағы күндері аясында мәдени шаралар да қарастырылған. 8-қазанда «Көрме» орталығында Шығыс Қазақстанның Берел қорымы, Шілікті обасы сынды бірқатар тарихи орындарда табылған құнды археологиялық артефактілердің көрмесі, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде өңірдің бай мәдени өмірін таныстыратын «Шығыс Қазақстан суретшілері.Уақыт портретіне штрихтер» және «Үлкен жол кезеңдері» тақырыбындағы сурет және фото көрмелері, Ұлттық Академиялық кітапханасында «Тәуелсіздіктің жарқын жетістіктері: Шығыс Қазақстан» атты кітап көрмесі, театр сүйер қауымға, дәл осы күні Өскемен қаласындағы облыстық драма театры сахналайтын К. Людвигтің «Жұлдызды сәт» қойылымы және Семей қаласының Абай атындағы облыстық театры ұсынатын Ф. Достоевскийдің «Дядюшкин сон» атты спектакілі ұсынылып, «Қазақстан» спорт сарайында «Торпедо» және «Астана» балалар хоккей командалары арасындағы достық турнирі, балаларға хоккейден шеберлік сабағы өткізіледі.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі