- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сағынтаев ОҚО активіне өңірдің жаңа басшысын таныстырды
Б.Сағынтаев ОҚО активіне өңірдің жаңа басшысын таныстырды
Шымкентте облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Б. Сағынтаев Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың облыс әкімі қызметіне Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаевтың кандидатурасын ұсыну туралы хатын оқып берді.
Мәслихат депутаттары аталған кандидатураны бірауыздан қолдады. Облыс активінің алдында сөйлеген сөзінде Б.Сағынтаев бұрынғы әкім Б.Атамқұловқа атқарған қызметі үшін алғысын айтты, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.
Жеке анықтама:
Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы (1958 жыл 8 шілде) – ҚР мемлекеттік қайраткері, дипломат, Қазақстан Республикасының Түркиядағы және Албаниядағы елшісі, ТМД мүше мемлекеттер мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының бірінші басқарма төрағасы.
Ғылым және білім беру қызметімен айналысқан. Ассистент, аға оқытушы, ҚазМУ доценті болып қызмет атқарған. Филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі бар.
1993 жылдан бастап – ҚР Сыртқы істер министрлігі жүйесінде қызмет атқарған. Бірінші хатшы, бөлім меңгерушісі болған. Кейін Түркиядағы ҚР Елшілігінде қызмет атқарған. Стамбулдағы Қазақстан Республикасының консулдық басшысы болып тағайындалған.
1999 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Президенті Хаттамасының басшысы.
2004 жылдан бастап – ҚР Президентінің кеңесшісі – ҚР Президенті Хаттамасының басшысы.
2006 жылдың 1 ақпанынан – Ресей Федерациясындағы ҚР төтенше және өкілетті елшісі.
2007 жылдың 19 қаңтарынан – ҚР Білім және ғылым министрі.
2010 жылдың 7 қазанынан Түркиядағы ҚР төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалған.
2011 жылдың 3 наурызынан Албаниядағы Қазақстан Республикасы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарған.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді