- Басты
- Жаңалықтар
- Биыл Астанада 100-ден астам адамға әлеуметтік қолдау көрсетілді
Биыл Астанада 100-ден астам адамға әлеуметтік қолдау көрсетілді
Биыл 100 астам адамға түрлі ақшалай төлемдер төленіп, нақты қызметтер көрсетілді, соның ішінде 71361 - зейнеткер, 20265 – мүмкіндігі шектеулін жан, 7406 – көп балалы отбасы, 4197 – көп балалы ана, 3000 – тұрмысы төмен отбасы.
Үстіміздегі жылы әлеуметтік төлемдерге 4 млдр 570 млн теңге бөлінді. Қаңтар-қыркүйек айларында жергілікті бюджет есебінен мүмкіндігі шектеулі жандарға, соның ішінде балаларға, зейнеткерлерге тегін қызмет көрсету және ақшалай төлем жасау түрінде 1 млрд 997 млн теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандардың проблемаларына назар аудару, мемлекет тарапынан қамқорлық көрсету мақсатында 2 қазанда ҚР Мүгедектер күні аталып өтіледі.
«Қалада мереке аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше назар аудару дәстүрі қалыптасқан. Ұйымдар мен кәсіпорындар түрлі қайырымдылық шараларын өткізеді. Жыл сайын Мүгедектер күніне орай бес мың теңге мөлшерінде бір реттік материалдық көмек көрсетіледі. 2016 жылы 19 мыңнан астам адамға аталған көмекпен қамтылды», - деді Артем Абильдинов.
Қала әкімдігі хабарлағандай, қазіргі кезде елордада 20265 мүмкіндігі шектеулі жан тұрады, бұл жалпы қала халқының 2%. Жыл басынан бері 8000 астам адамға түрлі әлеуметтік қолдау көрсетілді. Қозғалыс жасауда қиындыққа тап болатын астаналықтар үшін 2010 жылдан бері инватакси қызметі жұмыс істеп келеді. Инватакси автопаркінде 18 машина бар. Айта кетейік, жыл басынан бері 1500 адам тасымалдау қызметін пайдаланған.
Сондай-ақ, қалада азаматтардың аталған санаттарына қызмет көрсететін орталықтар ашылған, деді А.Абильдинов.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері