- Басты
- Жаңалықтар
- ОСК-да мәслихаттарға кандидаттардың сайлау алдындағы үгітті жүргізу тәртіптері түсіндірілді
ОСК-да мәслихаттарға кандидаттардың сайлау алдындағы үгітті жүргізу тәртіптері түсіндірілді
«Сайлау заңнамасына сәйкес барлық кандидаттарға БАҚ-қа қол жеткізудің тең жағдайларына кепілдік берілген. Атап айтқанда мемлекет кандидаттарға теледидардан он бес минуттық сөз сөйлеуiне, радиодан он минуттық сөз сөйлеуіне, сондай-ақ баспа басылымдарында 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде екi мақала жариялауына қаражат тең бөлінуіне кепілдік береді», - делінген хабарламада.
Осыған байланысты ағымдағы сайлау науқанының шеңберінде облыстық мәслихаттар депутаттығына тіркелген әрбір кандидатқа үгіттік іс-шаралар мен көліктік шығыстарға бюджеттен 280 000 теңге, ал қалалық немесе аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарға – 165 000 теңге бөлінеді.
Сонымен қатар әрбір тіркелген кандидат сайлауалды үгіт жүргізу үшін кандидаттың жеке қаражатынан (2 285 900 теңгеден аспайтын), кандидатты ұсынған қоғамдық бірлестік бөлген қаражаттан (4 571 800 теңгеден аспайтын) және елдің азаматтары мен ұйымдарының ерікті қайырмалдықтарынан (6 857 700 теңгеден аспайтын) құралған өз сайлау қорын құра алады. Осылайша мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына кандидаттың сайлау қорындағы ақшалай қаражаттың шекті мөлшері 13 715 400 теңгеден аспауы тиіс.
БАҚ шарт негізінде тіркелген кандидаттарға эфир уақытын, баспасөз бетінен орын береді. Бұл ретте шарттың талаптары белгiлi бiр кандидатқа артықшылық туғызбауы тиiс.
Жергілікті атқару органдары сондай-ақ шарт негізінде және тең жағдайларда кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жай ұсынып, үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін арнайы орындарды айқындайды және оларды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырады.
Сайлау қорларын құрмайтын азаматтар, қоғамдық бірлестіктер қаржыландыруды қажет етпейтін сайлауалды үгіт жүргізуге құқылы.Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарының: әскери қызметкерлердің, ұлттық қауіпсіздік органдары, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің және судьялардың; сайлау комиссиялары мүшелерінің; діни бірлестіктердің сайлауалды үгіт жүргізуге құқығы жоқ. Сондай-ақ шетелдіктердің, азаматтығы жоқ тұлғалардың, шетелдік заңды тұлғалар мен халықаралық ұйымдардың үгіт жұмысын жүзеге асыруға құқығы жоқ.
Сайлау алдындағы жөнсіз үгітті, яғни, сайлау науқаны үшiн арнайы әзiрленген баспа материалдарын, соның iшiнде безендiрiлген материалдарды, сондай-ақ омырауға тағатын белгiлердi, жалауларды, жалаушаларды тегiн таратуды қоспағанда, сайлаушыларға тегiн немесе жеңiлдiк шарттарымен тауарлар, бағалы қағаздар беріп, қызметтер көрсетумен, сондай-ақ лотереялар, қайырымдылық акцияларын өткiзу, ақша төлеу не осындайларға уәде беру арқылы үгітті жүргізуге тыйым салынады
Сайлау күні және оның алдындағы күні БАҚ-та үгіттік материалдарды жариялауға жол берілмейді. Сайлау комиссияларының үй-жайларынан және дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерлерде бұрыннан ілулi тұрған баспа үгiт материалдарын сол орындарында қалдыруға болады. Авторлығын анықтауға мүмкін емес үгіттік материалдар анонимдік болып саналады. Анонимдік материалдарды таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленген.
-
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Сайлау 2021: Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды -
САЙЛАУ-2021: Өңірлерде қанша әкім сайланады -
Сайлау-2021: Кандидаттарды ұсыну тәртібі, кезеңдері және комиссия өкілеттерін нақтылау мәселелері -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
Әкімдерді сайлау: «Жергілікті тұрғындар мен билік арасындағы байланыс нығаяды» -
Әкімдерді тікелей сайлау: Талаптары мен ерекшеліктері -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Көлік құралдарын тіркеу, жүргізуші куәліктерін беру қызметі әлі қолжетімсіз -
Әкімдерді сайлау: «Бұл - жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жолындағы заңды қадам» -
Ауыл әкімдерін сайлау: Сарапшылар пікірі -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері