• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Сағынтаев пен Г.Стюарт Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады

Б.Сағынтаев пен Г.Стюарт Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады

7 Қазан, 2016 13:48
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Гизела Стюарт бастаған Ұлыбританияның Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі Бүкілпартиялық парламенттік тобының делегациясымен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.

Кездесуге қатысушылар Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту және стратегиялық әріптестіктің негізгі бағыттары бойынша байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады. 

Барлық жаңалықтар